---
title: "Ашық аспан аясында өткен концерт мыңнан аса адам жинады"
description: "\"Маусымның бірінші жұлдызында, \"Астана Арена\" алаңында аты шулы \"Open Air\" концерті өтті. Кеште Отан..."
author: "mudin"
published: "2016-06-02T01:51:07+00:00"
modified: "2016-06-02T04:32:45+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-aspan-ayasynda-tken-koncert-my-nan-asa-adam-zhinady-695902"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ashy-aspan-ayasynda-tken-koncert-my-nan-asa-adam-zhinady-695902/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ашық аспан аясында өткен концерт мыңнан аса адам жинады

> "Маусымның бірінші жұлдызында, "Астана Арена" алаңында аты шулы "Open Air" концерті өтті. Кеште Отан...

***"Маусымның бірінші жұлдызында, "Астана Арена" алаңында аты шулы "Open Air" концерті өтті. Кеште Отандық және Ресейлік атақты әншілер танымал туындыларымен Астана жастарын қуантып қайтты"***, деп хабарлайды [Today.kz](http://today.kz/).

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/r7MCTPoqTdJCq48Rcq84intkFX6omJ.jpg)

Суық ауа-райына қарамастан халық сағат 20.00-де басталатын шараға бірнеше сағат бұрын келіп, сахна алдынан орын алуға кіріскен. Концертті бірінші болып ашу міндеті "Алау" тобына тиіпті.

"Концерттің дәл бүгін өтіп жатқаны өте қуантады. Себебі бұл күн тек Жаздың бірінші күні ғана емес, сонымен қатар Халықаралық балаларды қорғау күні болып саналады ғой. Балаларды әр қашан өз қамқорлығымызда ұстап, жақсы азамат болып өсуге тәрбиелеуіміз керек",-деп өз ойларымен бөлісті.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/w3NKdnp0y94UfGRYYy33Ew8rwgvVIs.jpg)

Ресейлік Потап пен Настья да суық алаңды өз әндерімен жылытып жіберді. Қазақстанның жиі келіп тұратын қонақтары фестивальда кездескен тыңдармандарына жылы лебіз білдірді: "Бізді әрқашан қолдап, махаббаттарыңызбен бөлісіп жүргендеріңізге үлкен рақмет! Осы ұмытылмас кешті Астана қаласының тұрғындары мен оның қонақтарымен бірге өткізгенімізге өте қуаныштымыз! Бәріңізге бақыт, шаттық және көтеріңкі көңіл тілейміз!"

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/600bzmo77s5wBlOhBLlb7YVKIQK4Nm.jpg)

Жастарға тағы да естен кетпес кеш сыйлаған Украиналық "Время и Стекло" тобы: "Қазақстанға келіп тұру біз үшін бақыт. Бізді бұл жерде әрдайым жылы қарсы алады. Әрине, Қазақ елінің қонақжайлылығын, сыртқы және ішкі сұлулықтарын айтпай кету мүмкін емес".

![](https://storage.yvision.kz/images/user/mudin/lEQeZ437deMKh99Dqz77lVAW7KEIMV.jpg)

Бұл әншілерден бөлек концертте Отандық: Қайрат Нұртас, Жанар Дугалова, "Кешью" тобы, Айқын Төлепберген, Али Окапов, Мадина Садуақасова, Алмас Кишкенбаев, Беркут; Ресейлік: Глюкоза, Максим, Сати Казанова, "Градусы" тобы, "Black Star" әншілері және т.б өнер жұлдыздары болды.

Ашық аспан аясында өткен концерттен алған әсерлерін көрермендер ғаламтор желілерінде көптеп бөлісуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ashy-aspan-ayasynda-tken-koncert-my-nan-asa-adam-zhinady-695902](https://yvision.kz/kk/post/ashy-aspan-ayasynda-tken-koncert-my-nan-asa-adam-zhinady-695902)