---
title: "Қаржы полициясы жалған ақша жасаумен айналысқан екі топтың қызметін әшкереледі"
description: "Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәти..."
author: "finpol"
published: "2013-11-21T00:57:58+00:00"
modified: "2013-11-21T00:59:56+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-zhal-an-a-sha-zhasaumen-aynalys-an-eki-topty-yzmetin-shkereledi-385889"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-zhal-an-a-sha-zhasaumen-aynalys-an-eki-topty-yzmetin-shkereledi-385889/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы жалған ақша жасаумен айналысқан екі топтың қызметін әшкереледі

> Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәти...

Алматы облысы бойынша Қаржы полициясы департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Алматы қаласының жанында орналасқан жалған ақша жасайтын жасырын цехтың қызметін әшкереледі.

Ағымдағы жылғы 8 қарашада Іле ауданы аумағында жалпы номиналдық құны 90 мың теңгені құрайтын 72 дана 500 және 2000 теңгелік жалған банкноталарды сату үстінде Р.Садықов және Ш.Қасымов ұсталды, кейін олардың сыбайласы И.Доргушев ұсталды. Садықовтың тұрғылықты мекен-жайын тінту нәтижесінде 2 дана көшіру-көбейту техникасы және номиналы 2000 теңгелік жалған ақша купюралары тәркіленді. 9 қарашада аталған деректерге сәйкес Р.Садықов, Ш.Қасымов және И.Доргушевке қатысты жалған ақша жасау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

11 қарашада Садықов сот санкциясынан қамауға алынды, Қасымов және Доргушевқа қатысты ешқайда кетпеу туралы қолхат түріндегі тыю шарасы қолданылды. Қылмыстық істі одан әрі тергеу барысында Р.Садықовтың бұрын өткізген жалған ақшаның бір бөлігін Б.Сарымбай, Р.Нұрматов және Д.Садықовтан алғандығы анықталды. Б.Сарымбайдың пәтерін тінту кезінде 2 орама күміс тәрізді қақтама, процессор, ноутбук және жалған купюралардағы арнайы белгілерді пресстеуге арналған қолдан жасалған аппарат алынды, сондай-ақ 2000 және 5000 теңгенің сканерленген суреттері сақталған флешкарта табылды. Ағымдағы жылғы 14 қарашада Б.Сарымбай, Р.Садықов, Д.Садықов және Р.Нурматовқа қатысты топтасқан тұлғалар тобының алдын ала келісе отырып жалған ақша жасау және сату фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған. 18 қарашада Б.Сарымбай, Д.Садықов және Р.Нұрматов сот сакциясынан қамауға алынды. Қылмыстық істер тергеліп жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-zhal-an-a-sha-zhasaumen-aynalys-an-eki-topty-yzmetin-shkereledi-385889](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-zhal-an-a-sha-zhasaumen-aynalys-an-eki-topty-yzmetin-shkereledi-385889)