---
title: "Қаржы полициясы заңсыз мұнай айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінінің жолын кесті"
description: "Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 2 жыл бойы ..."
author: "finpol"
published: "2014-05-11T08:45:18+00:00"
modified: "2014-05-11T08:45:18+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-za-syz-m-nay-aynalymymen-aynalys-an-yymdas-an-ylmysty-top-yzmetinini-zholyn-kesti-413052"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-za-syz-m-nay-aynalymymen-aynalys-an-yymdas-an-ylmysty-top-yzmetinini-zholyn-kesti-413052/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы заңсыз мұнай айналымымен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ қызметінінің жолын кесті

> Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 2 жыл бойы ...

Қызылорда облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті Қызылорда және Ақтөбе облыстарында 2 жыл бойы мұнайды заңсыз сатып алу және өткізумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топ мүшелерінің жолын кесті. 2012-2013 жылдары 5 азаматтан құралған ұйымдасқан қылмыстық топ заңды шығу тегін растайтын құжаттарсыз 356 млн. теңгеден астам ақша қаражатын құрайтын 54 вагон мұнай және мұнай өнімдерін заңсыз сатып алумен, тасымалдаумен және өткізумен айналысқан. Қылмыстық топ қылмыстық табыстың 236 млн. теңгесін 4 жалған кәсіпорын арқылы заңдастырған.

Қозғалған қылмыстық іс бойынша аз.Х.-қа және аз.И.-қа қылмыстық топты ұйымдастыру бойынша айып тағылды. Топтың басқа мүшелері ұйымдасқан қылмыстық топтың қызметіне белсенді қатысқандығы үшін күдікті. Қазіргі таңда қылмыстық іс арнайы прокурор басшылығымен тергеу тобымен тергелуде, өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-za-syz-m-nay-aynalymymen-aynalys-an-yymdas-an-ylmysty-top-yzmetinini-zholyn-kesti-413052](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-za-syz-m-nay-aynalymymen-aynalys-an-yymdas-an-ylmysty-top-yzmetinini-zholyn-kesti-413052)