---
title: "Қаржы полициясы қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге дайындалуда"
description: "Қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге жарты жыл уақыт қалды. Ол туралы ҚР ЭСЖКД Төрағасы Рашид Т..."
author: "finpol"
published: "2014-06-27T01:35:54+00:00"
modified: "2014-06-27T01:35:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-ylmysty-ndiristi-zha-a-modeline-k-shuge-dayyndaluda-419384"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-ylmysty-ndiristi-zha-a-modeline-k-shuge-dayyndaluda-419384/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге дайындалуда

> Қылмыстық өндірістің жаңа моделіне көшуге жарты жыл уақыт қалды. Ол туралы ҚР ЭСЖКД Төрағасы Рашид Т...

**Қылмыстық өндірістің жаңа моделіне** көшуге жарты жыл уақыт қалды.

Ол туралы ҚР ЭСЖКД Төрағасы Рашид Түсіпбеков Алматы қаласындағы ведомствоның көшпелі алқа жиын отырысында айтты.

Ол сотқа дейінгі өндірістің жүйесі **түбегейлі** өзгеретінін атап өтті. Тергеуге деінгі тексерістер жойылады. Тергеушілердің өкілеттігі кеңейтіледі.

***«Бір басқармада тергеушілер мен жедел қызметкерлерді біріктіріп, бірлескен жұмыстарын ұйымдастырып, біз алдын ала қызметкерлерді жаңа жағдайға дайындадық.***

***Бірақ осымен тоқталып қалмай, аталған жұмысты жалғастару керек. Барлық жаңа құбылыстарға біз дайын болуымыз қажет»*** - деді Рашид Түсіпбеков.

Қаржы полициясының барлық бөлімшелерінің басшыларына жергілікті жерлерде жаңа Қылмыстық және Қылмыстық іс жүргізу кодекстерін зерделеуді ұйымдастыру бойынша тапсырма берілді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-ylmysty-ndiristi-zha-a-modeline-k-shuge-dayyndaluda-419384](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-ylmysty-ndiristi-zha-a-modeline-k-shuge-dayyndaluda-419384)