---
title: "Қаржы полициясы шетелге жалпы құны 1 620 000 долларды құрайтын тепловоздарды заңсыз шығарудың фактісін анықтады"
description: "Ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда Қостанай облысының қаржы полициясы қызметкерлері «Желдоркомпания» ЖШС ..."
author: "finpol"
published: "2013-12-17T23:45:38+00:00"
modified: "2013-12-17T23:46:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-shetelge-zhalpy-ny-1-620-000-dollardy-raytyn-teplovozdardy-za-syz-shy-arudy-faktisi-390945"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-shetelge-zhalpy-ny-1-620-000-dollardy-raytyn-teplovozdardy-za-syz-shy-arudy-faktisi-390945/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы шетелге жалпы құны 1 620 000 долларды құрайтын тепловоздарды заңсыз шығарудың фактісін анықтады

> Ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда Қостанай облысының қаржы полициясы қызметкерлері «Желдоркомпания» ЖШС ...

Ағымдағы жылғы 6 желтоқсанда Қостанай облысының қаржы полициясы қызметкерлері «Желдоркомпания» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Оларға жөндеуге деген желеумен Ресей Федерациясының Брянск облысына ТЭМ–18 маркалы 2 тепловозды сату үшін заңсыз шығарды деген күдік тағылуда. Ол үшін жалған құжаттар дайындалып, зауыт номерлері өзгертілген.

Бұл техника «Желдоркомпания» ЖШС мен акцияларының бақылау пакеті «Самұрық қазына» ұлттық әл-ауқат қорына тиесілі «Альянс банк» АҚ арасында жасалған қаржылық лизин келісімі бойынша кепілзат болып табылады.

Қылмыстық іс тергелуде, нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-shetelge-zhalpy-ny-1-620-000-dollardy-raytyn-teplovozdardy-za-syz-shy-arudy-faktisi-390945](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-shetelge-zhalpy-ny-1-620-000-dollardy-raytyn-teplovozdardy-za-syz-shy-arudy-faktisi-390945)