---
title: "Қаржы полициясы пара берудің кезекті фактісін әшкереледі"
description: "2013 жылғы 23 шілдеде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім шығару үшін қаржы полициясының..."
author: "finpol"
published: "2013-07-25T07:18:34+00:00"
modified: "2013-07-25T07:18:34+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-para-berudi-kezekti-faktisin-shkereledi-365238"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-para-berudi-kezekti-faktisin-shkereledi-365238/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы пара берудің кезекті фактісін әшкереледі

> 2013 жылғы 23 шілдеде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім шығару үшін қаржы полициясының...

2013 жылғы 23 шілдеде қылмыстық істі қозғаудан бас тарту туралы шешім шығару үшін қаржы полициясының инспекторына 2 млн.теңге пара берді деген күдікпен «Тұрғын үй» МККМ бұрынғы директоры Н.Төрежанов және «Стронг Базис» ЖШС жетекшісі М.Жамалов ұсталды.

Қаржы полициясы «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жетілдіру» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Шымкент қаласының Қонаев бульварында орналасқан үйлерді жөндеу үшін бөлінген 5 млн.теңгеден астам бюджет қаражатының мақсатты жұмсалуына тексеріс жүргізген. Аталған жоба бойынша тапсырушы «Тұрғын үй» МККМ, ал мердігер – «Стронг Базис» ЖШС болған.

Ағымдағы жылғы 24 шілдеде Төрежанов пен Жамаловқа қатысты ҚР ҚК 312-бабының 4-бөлігі «а,б» тармақтары бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қазіргі уақытта оларға қатысты бұлтартпау шарасын тағайындау мәселесі шешілуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-para-berudi-kezekti-faktisin-shkereledi-365238](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-para-berudi-kezekti-faktisin-shkereledi-365238)