---
title: "Қаржы полициясы «Богви» ЖШС директоры В.Богданецке қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады"
description: "Ағымдағы жылғы 13 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Богви» ЖШС директоры В..."
author: "finpol"
published: "2013-07-16T21:03:30+00:00"
modified: "2013-07-16T21:03:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-bogvi-zhshs-direktory-v-bogdanecke-atysty-zha-a-ylmysty-ister-oz-ady-363602"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-bogvi-zhshs-direktory-v-bogdanecke-atysty-zha-a-ylmysty-ister-oz-ady-363602/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы «Богви» ЖШС директоры В.Богданецке қатысты жаңа қылмыстық істер қозғады

> Ағымдағы жылғы 13 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Богви» ЖШС директоры В...

Ағымдағы жылғы 13 шілдеде Ақмола облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Богви» ЖШС директоры В.Богданецке қатысты 2012 жылы «Богви» ЖШС-нің нан қабылдау кәсіпорындарында сақтауда жатқан «Казахстанская зерновая компания» ЖШС-не тиесілі жалпы сомасы 710 млн.теңгені құрайтын 18,5 мың тонна мөлшеріндегі бидайды талан-таражға салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Бұдан басқа, 2013 жылы 15 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Қаржы полициясы департаменті «Управляющая компания Богви» ЖШС лауазымды тұлғаларына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Олар 2012 жылдың басында егістік алқабы бар туралы жалған мәлімет беру арқылы «Азық-түлік корпорациясы» ұлтық компаниясы» АҚ Солтүстік Қазақстан өкілдігінен «Киевское-Север» ЖШС-де көктем егістік және жинау жұмыстарын жүргізу үшін 115 млн.теңге мөлшеріндегі көрінеу қайтарылмайтын бюджеттік несие алған деп күдіктенуде.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-bogvi-zhshs-direktory-v-bogdanecke-atysty-zha-a-ylmysty-ister-oz-ady-363602](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-bogvi-zhshs-direktory-v-bogdanecke-atysty-zha-a-ylmysty-ister-oz-ady-363602)