---
title: "Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді"
description: "2013 жылғы 11 қыркүйекте сағат 15.00-де Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкімет..."
author: "finpol"
published: "2013-09-09T23:49:19+00:00"
modified: "2013-09-09T23:49:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-akademiyasynda-t-rkiya-respublikasyny-kimeti-zhanynda-y-yntyma-tasty-zh-ne-ylestiru-373152"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-akademiyasynda-t-rkiya-respublikasyny-kimeti-zhanynda-y-yntyma-tasty-zh-ne-ylestiru-373152/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді

> 2013 жылғы 11 қыркүйекте сағат 15.00-де Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкімет...

**2013 жылғы 11 қыркүйекте сағат 15.00-де Қаржы полициясы академиясында Түркия Республикасының үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) көмегімен жабдықталған Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсімі өтеді.**

Рәсімге Туркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшісі Тузель Омер Бурхан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы Ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) вице-президенті Мехмет Тюрея Эр, Қауіпсіздік бойынша Түркия Республикасының елшісінің кеңесшісі Ирфан Озджан, Түркия Республикасы Үкіметі жанындағы ынтымақтастық және үйлестіру жөніндегі Түркия агенттігінің (ТIKA) Қазақстандағы өкілі Эврен Рутбиль, «CIHAN» Ақпараттық агенттігінің директоры Доган Йылдыз қатысады.

Рәсім бағдарламасында инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің жұмысын көрсету қарастырылған.

Рәсім қонақтары және қатысушылары Академияның материалдық-техникалық база қызметімен танысады.

Инновациялық технологиялар бөлімі кабинетінің салтанатты түрде ашылу рәсіміне қатысуға ниет білдірген журналистерге 90-92-80, 90-92-89 телефондары арқылы 10 қыркүйектің сағат 17.00-не дейін аккредитациялаудан өту қажет.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-akademiyasynda-t-rkiya-respublikasyny-kimeti-zhanynda-y-yntyma-tasty-zh-ne-ylestiru-373152](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-akademiyasynda-t-rkiya-respublikasyny-kimeti-zhanynda-y-yntyma-tasty-zh-ne-ylestiru-373152)