---
title: "Қаржы полициясы Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің жетекшісін қамауға алды"
description: "Ағымдағы жылғы 14 тамызда Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойын..."
author: "finpol"
published: "2013-08-20T20:46:06+00:00"
modified: "2013-08-20T20:46:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-a-mola-oblysy-boyynsha-sot-aktilerin-oryndau-departamentini-zhetekshisin-amau-a-ald-369721"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-a-mola-oblysy-boyynsha-sot-aktilerin-oryndau-departamentini-zhetekshisin-amau-a-ald-369721/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаржы полициясы Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің жетекшісін қамауға алды

> Ағымдағы жылғы 14 тамызда Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойын...

Ағымдағы жылғы 14 тамызда Ақмола облысы бойынша қаржы полициясы бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша Ақмола облысы бойынша Сот актілерін орындау департаментінің жетекшісі Н. Күзенбаевқа қатысты қылмыстық іс қозғады.

Ол 2013 жылғы мамыр-шілде аралығында «Би-Логистикс» АҚ Ақмола филиалының есеп-шотына тәркіленген автокөліктің жалған тасымалдауына ақша аударып, қолма-қол ақшаны қайтару жолымен 100 мың теңге бюджеттік қаражатты ұрлаған деп айыпталуда.

2013 жылғы 17 тамызда Күзенбаевқа қатысты жеке кәсіпкердің мүлкіне салынған тиымды заңсыз алып тастау үшін 1 мың АҚШ долларын пара ретінде алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Бүгінгі күні Күзенбаев сот санкциясымен Көкшетау қаласы бойынша уақытша ұстау изоляторына қамалды алынды.

Сол күні прокуратура санкциясымен Күзенбаев өз қызметінен шеттетілді.

Қазіргі таңда аталған тұлғаға қатысты оның өзге де сыбайлас жемқорлық қылмыстарды жасау фактілерін анықтауға бағытталған қосымша жедел іс-шаралар өткізілуде.

Қылмыстық істер тергелуде, тергеу нәтижелері жұртшылыққа жеткізілетін болады.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-a-mola-oblysy-boyynsha-sot-aktilerin-oryndau-departamentini-zhetekshisin-amau-a-ald-369721](https://yvision.kz/kk/post/arzhy-policiyasy-a-mola-oblysy-boyynsha-sot-aktilerin-oryndau-departamentini-zhetekshisin-amau-a-ald-369721)