---
title: "Қарызды қайтару туралы дау бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді"
description: "Даулы мәселені бітімгершілік келісімге келу жолымен шешу Азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықты..."
author: "SUD_RK"
published: "2015-01-13T06:41:51+00:00"
modified: "2015-01-13T06:41:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aryzdy-aytaru-turaly-dau-boyynsha-taraptar-bitimgershilik-kelisimge-keldi-460221"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aryzdy-aytaru-turaly-dau-boyynsha-taraptar-bitimgershilik-kelisimge-keldi-460221/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарызды қайтару туралы дау бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді

> Даулы мәселені бітімгершілік келісімге келу жолымен шешу Азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықты...

Даулы мәселені бітімгершілік келісімге келу жолымен шешу Азаматтық сот өндірісінде азаматтық құқықтық қатынастың қатысушылары арасында дауды шешудің баламалы жолы ретінде болып табылады. Бітімгершілік келісім институтының дамуы даулы мәселені екі тарапқа да тиімді жағдайда шешуге оңтайлы әсерін тигізеді. Бітімгершілік келісімнің тәртібі сақталмаған жағдайда тараптар оны мәжбүрлі түрде орындату туралы атқару парағын шығаруды талап етуге құқылы. Сот тәжірибесі бітімгершілік келісіммен қаралған азаматтық істердің негізгі бөлігі ерікті түрде орындалатынын көрсетеді.

[http://sud.gov.kz/kaz/news/karyzdy-kaytaru-turaly-dau-boyynsha-taraptar-bitimgershilik-kelisimge-keldi](http://sud.gov.kz/kaz/news/karyzdy-kaytaru-turaly-dau-boyynsha-taraptar-bitimgershilik-kelisimge-keldi)

![Қарызды қайтару туралы дау бойынша тараптар бітімгершілік келісімге келді](https://storage.yvision.kz/images/user/sud_rk/33L5fC9hqV8599z1lt96xWP34sx700.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aryzdy-aytaru-turaly-dau-boyynsha-taraptar-bitimgershilik-kelisimge-keldi-460221](https://yvision.kz/kk/post/aryzdy-aytaru-turaly-dau-boyynsha-taraptar-bitimgershilik-kelisimge-keldi-460221)