---
title: "Арыстанбек Мұхамедиұлы бір мектепті иемденіп алмақ болған - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет"
description: "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет және спорт министрі әрі Ұлттық..."
author: "jan.123"
published: "2024-01-10T11:19:39+00:00"
modified: "2024-01-10T11:19:39+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arystanbek-m-hamedi-ly-bir-mektepti-iemdenip-alma-bol-an-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-999747"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arystanbek-m-hamedi-ly-bir-mektepti-iemdenip-alma-bol-an-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-999747/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арыстанбек Мұхамедиұлы бір мектепті иемденіп алмақ болған - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

> Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет және спорт министрі әрі Ұлттық...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұрынғы мәдениет және спорт министрі әрі Ұлттық музейдің экс-басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлына қатысты жаңа деректі жариялады.

![Арыстанбек Мұхамедиұлы бір мектепті иемденіп алмақ болған - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет](https://storage.yvision.kz/images/user/577780/543dc87ae220d2f791fd72332cf80e.jpg)

Фото: tengrinews.kz

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Арман Тілеукенов өткен жылы жазда Мұхамедиұлына қатысты 221 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқыру дерегі бойынша сот үкімі шыққанын еске салды. Экс-министр 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

"Қазіргі уақытта бюджет қаражатын аса ірі мөлшерде жымқыру және жоғары спорт шеберлігі мектебін заңсыз жекешелендіру бойынша қосымша эпизодтар бар. Келесі эпизод – "Дипломат" қонақ үйін рейдерлік жолмен басып алу және пара беру әрекеті. Бұл істердің барлығы қазір сотта қаралып жатыр", - деді Арман Тілеукенов.

Айта кетейік, Арыстанбек Мұхамедиұлы 2023 жылдың аяғына қарай басқа қылмыстық іс бойынша сот алдына қайта келген болатын. Бұл жолы аталған жаңа деректерге қатысты іс қаралып жатыр.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arystanbek-m-hamedi-ly-bir-mektepti-iemdenip-alma-bol-an-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-999747](https://yvision.kz/kk/post/arystanbek-m-hamedi-ly-bir-mektepti-iemdenip-alma-bol-an-sybaylas-zhem-orly-a-arsy-yzmet-999747)