---
title: "Ғарышкерлер күні"
description: "2016 жылдың 12 сәуірінде «Қаһарман жастар орталығы» КММ-сі Шарбақты ауданының кәсіподақ ұжымымен бір..."
author: "CRMI"
published: "2016-04-13T05:25:29+00:00"
modified: "2016-04-13T05:25:29+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aryshkerler-k-ni-688981"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aryshkerler-k-ni-688981/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ғарышкерлер күні

> 2016 жылдың 12 сәуірінде «Қаһарман жастар орталығы» КММ-сі Шарбақты ауданының кәсіподақ ұжымымен бір...

2016 жылдың 12 сәуірінде «Қаһарман жастар орталығы» КММ-сі Шарбақты ауданының кәсіподақ ұжымымен бірлесе отырып, жас мамандарға арналған КТК өткізді.

![Ғарышкерлер күні](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/2ez58LumSOnCYFTD9me8jSaPLj5lt0.jpg)

Дәл осы күні, 12 сәуірдің жұлдызында 55 жыл бұрын әлемдегі тың жаңалықты тудырып, Юрий Гагарин ғарышқа ұшты. Бұл КТК-ға бес команда қатысып, өнер көрсетті. Бірінші орынды өз тапқырлығымен әділ қазылар мүшесін таң қалдырған №1 жалпы орта білім беру мектебінің «Звездная шестерка» командасы иеленді. Ойын нәтижесінде жеңімпаздар мадақтау қағаздарымен және құнды сыйлықтармен марапатталды.

![Ғарышкерлер күні](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/oV41tddcoYSHeXwAT9FRKvbKB0u5XY.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aryshkerler-k-ni-688981](https://yvision.kz/kk/post/aryshkerler-k-ni-688981)