---
title: "Қарулы Күштердің әскери қызметшілері жолда қалған 120 адамды құтқарды"
description: "Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысының аумағындағы жолда қалып қойған 120 адам..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-12-23T01:26:28+00:00"
modified: "2013-12-23T01:26:28+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterdi-skeri-yzmetshileri-zholda-al-an-120-adamdy-t-ardy-392744"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterdi-skeri-yzmetshileri-zholda-al-an-120-adamdy-t-ardy-392744/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарулы Күштердің әскери қызметшілері жолда қалған 120 адамды құтқарды

> Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысының аумағындағы жолда қалып қойған 120 адам...

**Қазақстан армиясының әскери қызметшілері Қарағанды облысының аумағындағы жолда қалып қойған 120 адамды құтқарды. 36352 әскери бөлімінің құтқару жасағы қарлы боранның қақпанына түскен автокөліктерді алып шығу үшін 4 сағат бойы жол тазалаумен айналысты.**

Ауа райының күрт бұзылуына байланысты Алматы-Екатеринбург трассасында Қарағанды қаласынан 47 шақырым қашықтықта Ақбастау кентінің маңында боранды күні 12 жүк көлігі, 10 жеңіл автокөлік, сондай ақ жүргіншілер мінген 2 автобус жолда қалған. Қар үйінділерінің биіктігі кей жерлерде 2 метрге дейін жеткен. Машиналарды эвакуациялау үшін Спассктегі оқу-жаттығу орталығының қолбасшылығы 2 автомобиль мен бір шынжыр табанды техника бөлді.

Операция табысты аяқталып, әскери қызметшілер жүргізушілердің Қарағанды қаласына дейін жетіп алуына көмектесті. Қар құшағынан құтқарылған адамдар құтқару жасағының басшысы майор Леонид Маклаковқа, сондай-ақ техникамен көмек қолын созған аға сержант Н.Тойбековке, сержант А.Землянушкин мен сержант Д.Кротовқа алғыстарын білдірді.

Қазіргі уақытта әскери қызметшілер әскери бөлімге қайта оралып, күнделікті жауынгерлік даярлыққа кірісіп кетті. Бірақ апаттық-құтқару тобы кез-келген уақытта жолда жаураған қазақстандықтарға көмекке келуге әзір.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterdi-skeri-yzmetshileri-zholda-al-an-120-adamdy-t-ardy-392744](https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterdi-skeri-yzmetshileri-zholda-al-an-120-adamdy-t-ardy-392744)