---
title: "Қарулы Күштерде мерзімді әскери қызметін белгіленген уақытта атқарған сарбаздар запасқа шығарылуда"
description: "Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 «Әскери қызметтің белгіленген мер..."
author: "minoboronyRK"
published: "2013-11-18T23:51:49+00:00"
modified: "2013-11-18T23:52:36+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterde-merzimdi-skeri-yzmetin-belgilengen-ua-ytta-at-ar-an-sarbazdar-zapas-a-shy-aryluda-385590"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterde-merzimdi-skeri-yzmetin-belgilengen-ua-ytta-at-ar-an-sarbazdar-zapas-a-shy-aryluda-385590/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарулы Күштерде мерзімді әскери қызметін белгіленген уақытта атқарған сарбаздар запасқа шығарылуда

> Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 «Әскери қызметтің белгіленген мер...

**

![Қарулы Күштерде мерзімді әскери қызметін белгіленген уақытта атқарған сарбаздар запасқа шығарылуда](http://www.mod.gov.kz/mod-ru/images/stories/19112013/1.jpg)

Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 ақпандағы № 509 «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2013 жылдың сәуір – маусымында және қазан – желтоқсанында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Жарлығымен мерзімді әскери қызметін белгіленген уақытта атқарған сарбаздарды еліне шығарып салу жүзеге асырылуда.**

Осындай игілікті шара 12740 әскери бөлімінде ұйымшылдықпен өткізілді. Мерзімді әскери қызметке өткен жылдың күз айларында шақырылған сарбаздарды бүкіл жеке құрам сап түзеп тұрып, құрметпен туған мекендеріне шығарып салды.

Сарбаздарды шығарып салу рәсіміне әскери бөлім командирінің шешімімен оркестр «Кездесу маршын» орындап, әскери бөлімнің Жауынгерлік туы желбіреді. Штаб бастығы әскери қызметшілерді запасқа шығару жөніндегі бұйрықты оқыды, жауынгерлік және мемлекеттік-құққықтық дайындықтарда үздік оқуымен, жақсы тәртібімен танылғандарға бригада командирі түрде батальон командирлерінің Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасарларының күшімен ұйымдастырған грамоталар мен бағалы сыйлықтарды табыс етті.

Шара соңында әскери бөлім командирі подполковник Жеңіс Маралов тепсе темір үзетін атпал азаматтардың адал қызметіне алғыс айтты. Жеке құрам запасқа шығушылар алдынан салтанатты сап түзеп өтті.

**ҚР ҚМ Баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterde-merzimdi-skeri-yzmetin-belgilengen-ua-ytta-at-ar-an-sarbazdar-zapas-a-shy-aryluda-385590](https://yvision.kz/kk/post/aruly-k-shterde-merzimdi-skeri-yzmetin-belgilengen-ua-ytta-at-ar-an-sarbazdar-zapas-a-shy-aryluda-385590)