---
title: "Артта қалған бір күн!"
description: "13 наурыз, жексенбі күні, Павлодар қалалық Естая атындағы Мәдениет сарайында көптен күткен «Хорнады»..."
author: "CRMI"
published: "2016-03-15T03:22:01+00:00"
modified: "2016-03-15T03:22:01+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/artta-al-an-bir-k-n-683649"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/artta-al-an-bir-k-n-683649/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Артта қалған бір күн!

> 13 наурыз, жексенбі күні, Павлодар қалалық Естая атындағы Мәдениет сарайында көптен күткен «Хорнады»...

13 наурыз, жексенбі күні, Павлодар қалалық Естая атындағы Мәдениет сарайында көптен күткен «Хорнады» атты шоу-мюзиклініңтұсаукесері өтті. Мюзикл Педро Кальдеронның «Өмір деген түс» пьесасына қазіргі заманға сай келтіріліп, жаңартылып жазылған.

Туынды тағдыр мен борыштың, адам мен табиғаттың, билік пен тұлғаның арасындағы қарама-қайшылықтарды көрсетуге бағытталған. Кейіпкерлердің ішкі дүниесінде жақсы мен жаман күресуде. Әрқайсылары қара күш иелерін жеңіп, өмірдегі орнын іздейді. «Хорнада» мюзиклі дәл осындай шешуі қиын мәселелерді көтереді.

Қойылым режиссері – жас, әрі талантты «Промень» жастар театрының жетекшісі Денис Аверьянов, жобаның продюсері-Каримжан Гиёев, хореоргафы- Любовь Яковлева.

![Артта қалған бір күн!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/DdecmOaf5Aa0lh5GiISX11Uahf3Wt9.jpg)

Мюзикл терең мағыналы, оның үстіне жарқын әрі еліктіргіш болып шықты. Ол қызықтырарлық хореографиялық нөмірлері мен кәсіби әншілердің орындауларындағы әсем әндермен толықтырылған. Мюзикл залдағы көрермендердің толықтай көңілінен шықты.

«Хорнады» шоу мюзиклі, тұсаукесерлік көрсетілімдерден кейін шақырым бойынша Алматы, Астана, Омбы, Новосібір қалаларына аттанатын болады.

![Артта қалған бір күн!](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/liP22LPdMajZY71LKRE6k2cGSAAidr.jpg)

Сонымен қатар, 2016 жылдың 17 сәуірі күні Естай атындағы Мәдениет сарайында «Хорнада» мюзиклінің қайта көрсетілімі өтеді.

*Павлодар облысының жастар саясаты*

*мәселелері жөніндегі басқармасы.*

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/artta-al-an-bir-k-n-683649](https://yvision.kz/kk/post/artta-al-an-bir-k-n-683649)