---
title: "Қарт тағдыры («Қарттар үйі»)"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Secret Garden «Song form a secret garden» Бейнематери..."
author: "Aikosmuz"
published: "2017-11-17T05:18:31+00:00"
modified: "2017-11-17T05:18:31+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/art-ta-dyry-arttar-yi-785326"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/art-ta-dyry-arttar-yi-785326/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарт тағдыры («Қарттар үйі»)

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Secret Garden «Song form a secret garden» Бейнематери...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Secret Garden «Song form a secret garden»**

**Бейнематериал авторлары – AstanaTV «Қадірі кеткен қария» №37**

**Таң нұры «Қарттар үйі»**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Бауыржан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте – [https://vk.com/public56982889](https://vk.com/public56982889)**

 
 
 
 

“Өзі кетті, дейсің-ау”- мен сұрасам

Әй ұрпағым, не болып, бүгін барасың?

Қарттар үйі, қалай болды, бұл қадам?

Жетім қылып ата-анаңды, жатасың?

 

Бауыр етім – балам деген анаңнан

Ұл-қызым деп, сенім құрған әкеңнен

Сен үшін деп, бар жақсысын, сақтаған

Ішпей-жемей, киім киген ескіден

 

Өстің-кеттің, адам болдың, солай ғой

Арқасында, кімнің жеттің, сұрақ қой

Кезек дүние, ертең алда, шіркін-ай

Кәрілікке, өмір салар аямай

 

Сөз сүйектен өтеді, есте сақта

Дақ түсірме көңілге, жара салма

Шамаң жетсе еркелетіп, тек мақта

Өзің түгел жарыңа, ауыр сөздер айттырма

 

“Өзі кетті, дейсің-ау”- мен сұрасам

Кім болғысы келеді, тірі жетім

Не болып барады, бұл өмір, неткен жалған

Кеш пеңдеңді адасқан, кеш Тәңірім

 

https://www.youtube.com/watch?v=yms39GtrWKc

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/art-ta-dyry-arttar-yi-785326](https://yvision.kz/kk/post/art-ta-dyry-arttar-yi-785326)