---
title: "«Art-Cake» байқауы"
description: "27 ақпан күні Жастарға қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын..."
author: "CRMI"
published: "2016-02-27T09:46:01+00:00"
modified: "2016-02-29T00:49:50+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/art-cake-bay-auy-680693"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/art-cake-bay-auy-680693/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Art-Cake» байқауы

> 27 ақпан күні Жастарға қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын...

27 ақпан күні Жастарға қызмет көрсету орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығын тойлауға арналған «Art-Cake» таңғажайып байқауы өтті.

Бір алаңда авторлық идеясына, пішініне, түс пен дәміне сай түрлі торттарды кездестіру мүмкіндігі болды, бірақ бұл аспаздық тамаша туындыларды бір ортақ тақырып байланыстырды – «Қазақстан Республикасының 25-жылдығы».

![«Art-Cake» байқауы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/cc1b8k8XJMle5p6pIMN6NYwYGyWD9A.jpg)

Мейрамдарда сыйлық сыйлау міндет, сол себепті павлодарлық жастар Республиканың төл мерекесіне сурет салып, сурет түсіргеннен басқа,Тәуелсіздікке арналған түрлі тәттілерді дайындауды жөн көрді.

14-25 жас аралығындағы білім беру мекемелері мен жас қоғамдық ұйымдардың өкілдері өз туындыларын қазылар алқасына ұсынды.

Бұл «тәтті» байқауды ұйымдастырушы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі осы сынды шаралар Павлодар жастарының еліміздің Тәуелсіздік тарихымен байланысты шараларға белсене қатысуы мақсатында өткізілетінін ескеріп кетті.

«Art-Cake» байқауында жеке авторлық жұмыстармен қатар шығармашылық топтардың орындауындағы торттар ұсынылды.

Қатысушылар тортты дайындап қана қоймай, оны ерекше ұсынған. Мысалы, Павлодар қаласының техникалық колледжі мен Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылы өз шығармашылығының барысын бейнероликке түсірген. «Шаңырақ» БЖО жастар қоғамдық бірлестігінің «Павлодар Скауттары» тобы гитарамен ән салып, өз аспаздық туындысын ерекше ұсынды.

Кенжекөл ауылының отбасылық үлгідегі балалар ауылының балалары бірқилы торт әзірледі. Белов Сергей түрлі оюлармен безендірілген ақ киіз үй пішініндегі тортты әзірлесе, Бубеков Виктор «Елімнің тағдыры» деген тамаша жазуы бар кітап пішініндегі бәліш әзірледі.

«Сладкоежки» тобының тортынан сурет салатын қағазды қолдану арқылы заманауи техниканы көре алдық. Қыздар Астананың басты символы – Бәйтеректің суретін шығарып, оны аспаздық туындыларында шайқалған кілегеймен безендірді.

![«Art-Cake» байқауы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/igyrXMLbsVQluPkVC85AQy46gzV1uN.jpg)

Қазақстанның Тәуелсіздігіне арналған тағы бір тамаша жұмысты Павлодар қаласы қызмет көрсету мен тамақтандыру колледжінің студенті Засыпкина Марина пірәндікте EXPO-2017, барысты және қазақи оюларды бейнелеп көрсетті.

Жеңімпазды анықтау кезінде қазылар алқасы ең алдымен идеяның біртумалығы мен безендіру техникасына мән бере отыра, байқауға шығарып отырған жұмысты ұсыну жасампаздығын, орындау әсемдігін және шығармашылық тәсілдемені бағалады.

![«Art-Cake» байқауы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/C8xmYyv5kocLNCp7l6SaTY2dCc2UY0.jpg)

Байқау жеңімпаздары мен қатысушылары мадақтау қағаздарымен, алғыс хаттармен марапатталды. Дегенмен ең бастысы, осындай шаралар арқылы Жастар бастамаларын дамыту орталығында түрлі санаттағы жастардың бір-бірімен араласу мүмкіндігін беретін бейресми алаң туатындығы.

![«Art-Cake» байқауы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/12QEPJR8eRQ43TyPg34L0vnQ6iRio8.jpg)

«Art-Cake» байқауы барлық қатысушылар ерекше торттардың тәтті құрамын бағалау мүмкіндігін алған тату-тәтті шай ішумен аяқталды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/art-cake-bay-auy-680693](https://yvision.kz/kk/post/art-cake-bay-auy-680693)