---
title: "Армысыздар блогшы қауым!!!"
description: "Қоғамдағы өзекті мәселелерді (жеке адамдардың проблемалары, қоғамдық мәселелерді) сарапшылардың, БАҚ..."
author: "izgilik"
published: "2010-10-08T21:46:02+00:00"
modified: "2010-12-19T08:12:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/armysyzdar-blogshy-auym-98120"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/armysyzdar-blogshy-auym-98120/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Армысыздар блогшы қауым!!!

> Қоғамдағы өзекті мәселелерді (жеке адамдардың проблемалары, қоғамдық мәселелерді) сарапшылардың, БАҚ...

Қоғамдағы өзекті мәселелерді (жеке адамдардың проблемалары, қоғамдық мәселелерді) сарапшылардың, БАҚ-ының қатысуымен талқылау, қоғам назарына ұсыну, нақты шешімдерге қол жеткізуге ықпал жасауды мақсат тұтқан «Ұждан» клубы өз жеке блогын бастады. «Кім бұрын ақпаратқа ақпаратқа ие болса сол әлемді билейді» деген қағидаға сүйенетін заманда қоғамдық ұйымдар, мемлекеттік органдар, жеке адамдардың барлығы жеке сайт, блог ашуға өз қызметтері туралы ақпарат таратуға ұмтылады.

Бұл қағида шеңберінен біз де аса алмадық. Жеке сайтымызбен қатар бірнеше әлеуметтік желіде өз беттерімізді, жеке блогымызды ашуды ұйғардық. Дәл қазір алғашқы жазбамызға қонақ болып отырсыз. Аталған клуб 2010 жылдың 16 қыркүйегінде қазақ елінің дамуы бей-жай қалдырмайтын, бүгінде қазақ интернетінің дамуына елеулі үлес қосып жүрген, жанашыр азаматтар Ізгілік Нағиев, Болат Бөтеевтің бастамасымен құрылған еді. Желтоқсан айынан бастап клубты құру, жұмысын жандандыру PR маманы, журналист, блогшы Ербол Азанбектің бастамасымен құрылған «MediaLab» медиа коммуникация орталығының құзырына берілді. «MediaLab» басқа да жобаларымен қатар клуб отырысын желтоқсан айынан бастап ай сайын өткізіп тұрмақ. Клуб жеке азаматтардың өзекті мәселелері, қоғамдағы даулы, шулы оқиғалар талқыланып, шешім табатын, қоғамда пікір тудыратын орынға айналар деп үміттенеміз. Біздің басты мақсат: мәселені құры сөзбен талқылау емес. Клубтың басты мақсаты талқыланған өзекті мәселелерді шешуге ықпал жасау. Мәселен болашақта біз жерін жергілікті билік тартып алып, әділеттік іздеп жүрген Шаңырақ ауылының тұрғынының мәселесін заңгерлер, билік органдары, жеке сарапшылар, қоғамдық ұйымдар, БАҚ-ның қатысуымен талқылап, шешілуіне ықпал жасамақпыз. Сондай-ақ блог әлемінде дау тудырған Қара жорға мәселесін де арнайы талқылап, блогшылар арасында нақты шешім қабылдауды көздейміз. Бұл мақсатта Қаражорғаға қарсы блогшы Берік, оған қарсы пікір айтқан Өркен, одан беріректе Асхат туралы пікір айтқан блогшы, сондай-ақ өзін қаралау туралы Асхаттың да пікірін естіп, ортақ мәмілеге кетіруді көздейміз. Отырысқа арнайы сарапшыларды шақырып, «Қара жорға» мәселесін талқыламақпыз.(басқа клубтарға идеяны ұрламауын сұраймын) Бұл жоспарларымыздың бер жағы ғана. Ойымызда көптеген тың тақырыптар, идеялар бар. Бұл әрине болашақтың еншісінде. Бұның бәріне өздеріңіз куә боласыздар деп ойлаймын. Ендеше бірге болайық. Біз еліміздің гүлденуі, өркендеуі жолындағы ұлтымыздың мақсат –мүддесін бірге көтерісер барша қазақ баласының досымыз. Құшағымыз баршаға ашық. Сенімен бірге блог әлеміндеміз, қарсы ал дос!!!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/armysyzdar-blogshy-auym-98120](https://yvision.kz/kk/post/armysyzdar-blogshy-auym-98120)