---
title: "Армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығы"
description: "Өрік жемісі - Армения мемлекетінің символы саналады. Мемлекет туындағы сары жолақ – өріктің түсімен..."
author: "KarakozT"
published: "2014-07-17T23:08:47+00:00"
modified: "2014-07-17T23:08:47+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/armyan-hal-yny-ltty-na-yshtary-men-d-st-r-saba-tasty-y-421772"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/armyan-hal-yny-ltty-na-yshtary-men-d-st-r-saba-tasty-y-421772/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығы

> Өрік жемісі - Армения мемлекетінің символы саналады. Мемлекет туындағы сары жолақ – өріктің түсімен...

![Армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығы](https://storage.yvision.kz/images/user/karakozt/Dl7NgviYT2S6bYMa1vJDaMrptz3GHI.jpg)

Өрік жемісі - Армения мемлекетінің символы саналады. Мемлекет туындағы сары жолақ – өріктің түсімен тікелей байланысты.

Армян жазуының 1600 жылдан астам тарихы бар. Армян халқының ең айтулы ұлттық мерекелерінің бірі – Вардавар деп аталады. Күн жылынып, жадыраған жаздың лебі ескен кезде барлық жастар бір-біріне су шашып, мейрамды ұлықтайды. Неліктен армяндар өздерін әлемдегі ең ақылды халықтың санатына жатқызады? Дәстүрлі армян киімі немен ерекшеленеді? «Нұрлы отау» бағдарламасынан армян халқының ұлттық нақыштары мен дәстүр сабақтастығын тамашалаңыздар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/armyan-hal-yny-ltty-na-yshtary-men-d-st-r-saba-tasty-y-421772](https://yvision.kz/kk/post/armyan-hal-yny-ltty-na-yshtary-men-d-st-r-saba-tasty-y-421772)