---
title: "Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты"
description: "Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігін уақытша тоқтатты. Бұл туралы France 24 агенттігіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады. Фото: overclockers.ru А"
author: "orazali"
published: "2024-02-23T04:36:30+00:00"
modified: "2024-02-23T04:36:30+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/armeniya-sh-a-m-sheligin-ua-ytsha-to-tatty-1001474"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/armeniya-sh-a-m-sheligin-ua-ytsha-to-tatty-1001474/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты

> Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігін уақытша тоқтатты. Бұл туралы France 24 агенттігіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады. Фото: overclockers.ru А

*Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүшелігін уақытша тоқтатты. Бұл туралы France 24 агенттігіне сілтеме жасап ҚазТАГ хабарлады.*

![Армения ҰҚШҰ-ға мүшелігін уақытша тоқтатты](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/78d32133e89626c2f44ba70a0bc625.jpg)

Фото: overclockers.ru

Армения премьер-министрі Никол Пашиян аталған агенттікке берген сұхбатында бұл ұйымның өз еліне қатысты дұрыс әрекет жасамай отырғанын айтқан.

«Біздіңше, Арменияға қатысты ұжымдық қауіпсіздік шарты орындалған жоқ. Әсіресе, 2021-2022 жылдары. Бұған біз бей-жай қарай алмадық. Сөйтіп, осы шартқа қатысуды уақытша тоқаттық. Ары қарай не боларын көрерміз», – деді Пашинян.

Ал «Армениядағы Ресей әскери базасы жабылуы мүмкін бе?» деген сұраққа ол «бұл жайында әңгіме болған жоқ» деп жауап берді.

Айта кетейік, ҰҚШҰ құрамына Армениядан бөлек Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Беларусь және Ресей кіреді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/armeniya-sh-a-m-sheligin-ua-ytsha-to-tatty-1001474](https://yvision.kz/kk/post/armeniya-sh-a-m-sheligin-ua-ytsha-to-tatty-1001474)