---
title: "Арманыңа талпын"
description: "Бала күнімде достарыммен далада ойнап жүріп аспаннан ұшақ дауысын естісек: Самолёт, самолёт, бізді ө..."
author: "uservk298107256"
published: "2019-12-09T08:54:15+00:00"
modified: "2020-01-28T06:13:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/armany-a-talpyn-845620"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/armany-a-talpyn-845620/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арманыңа талпын

> Бала күнімде достарыммен далада ойнап жүріп аспаннан ұшақ дауысын естісек: Самолёт, самолёт, бізді ө...

Бала күнімде достарыммен далада ойнап жүріп аспаннан ұшақ дауысын естісек: Самолёт, самолёт, бізді өзіңмен Алматыға ала кет!

- деп айқайлап, гүрілдеген дауысы әуе кеңістігін жаңғырта самғап бара жатқан ұшақтың,бет алған бағытына қарай шабуылдаса жүгіретінбіз. Ұшақ көзімізден тасаланып,көкжиекке сіңіп кеткенше біз темір қанат әуә көлігіне арнаған тақпағымызды жарыса айтып,құлдыраңдап жүгіріп бара жататынбыз. Көк жүзінде құстай қалықтамақ тұрмақ,ұшақтың бет келбетін жақыннан көрмеген біз секілді ауыл балаларына ұшақпен аспанда саяхаттап,заң биіктен төменді тамашалау ол кезде шынында да орындалмас арман еді.Ол кезде біз арманшыл едік және армандарымыз биік,асқақ ,әрі сәл сиқырлы болатын.

Бірнеше жыл бұрын бастауыш сыныпта оқып жүргенімде ұстазым біздің сыныпқа “Кім болам?” деген тақырыпта шығарма жаздырды. Тапсырма берілгеннен кейін сынып ішінде шыбынның ызыңы естілетін тыныштық орнады.Ондай кезде қолдарындағы қаламдарының басын тістеп,жағын таянып, ойға шомған балалардың қиялы бүкіл әлемді шарлап кететін.

Меніңде ойым жан-жаққа таралып,кім боларымды таңдай алмай, басым қататын. Бала күнімде қолымды созсам болды, таңдаған мамандығым алдыма гүп етіп түсетіндей көрінетін. Сан рет ойланып,толғанғаннан кейін екі ауысымда жұмыс істеп,түске дейін аспазшы,түстен кейін мұғалім боламын деген шешімге келдім. Бұл менің бала кезімдегі “қайтсемде қолымды жеткіземін” деген арманым еді.

Ал қазіргі уақытта мен үлкен өмірге қанат қаққалы отырған,бірақ қанаты қатпаған,биікке ұмтылып,самғағысы келетін, бірақ алдында тек еңбектің арқасында өтетін түрлі асулар мен кедергілер кездесетін жасөспіріммін. Армандап,аспанда қалықтайтын он жеті жаста менің түсінгенім,тек армандап қана жүруге болмайды,бірақ еңбек етіп жүріп армандауды да мүлдем ұмыту дұрыс емес.Арман – биік асулардың ең бірінші қадамы.Армандарын жүзеге асыра алатын көшбасшылардың армандауды ғана білетін жандардан айырмашылығы неде екенін білесіз бе? Ең алдымен арманның толық картинасын толыққанды көре алу қажет.Егер көз алдыңызда бұлдырлаған,түсі шайылған көрініс болса,онда қалаған нәрсеге ешқашан қол жеткізе алмайсыз.Жетістікке жету үшін немесе көшбасшы болу үшін арманыңнын көрінісін нақтылап,мақсат қойып, оны мотивацияға жалғастырып,соңында бір нәтиже шығара алуыңыз керек.

Мысалға алсақ,менің арманым тілші болу.Нақтырақ айтсам бұл менің қазіргі кезде жүзеге асыру үшін еңбек етіп жатқан мақсатым.Соңғы кезде айналамдағы адамдардан тілшінің жолы қиын,арманға қол жеткізу үшін еңбек ету аз,өткір мінез,суырып салма болу қажет деген сөздерді жиі естіп жүрмін. Тіпті кей кезде өз өзіме деген сенімділікті жоғалтып,бірақ бойымнан бір белгісіз күш жігер тауып екі есе көбірек еңбек ете бастаймын.Мүмкін арманның күші осыда болар? Себебі арманнан бас тарту, биікке самғайтын қанатыңнан бас тартумен тең.Мүмкін сізде “неліктен тілші мамандағы?” деген сұрақ туындаған болар.Себебі мен үшін тілшілік саласы қызығы мен шыжығы көп,қызыған өмір ортасы.Бұл мамандықтың ерекшелігі: халқымыздың ойына,көзқарасына әсер етуі. Мен үшін ең бастысы атақ-даңқ немесе мансап қуу емес,бар болғаны өз сүйікті ісіммен айналысып,айналамдағы адамдарды жиі қуантсам деймін.

Қорытындылай келе,армансыз адам- қанатсыз құспен тең дегім келеді.Жан дүниеңізде тамыр жайған арманыңызды жүзеге асыру жолында еш нәрседен тайынбаңыз.Арман алға жетелейді демекші,бұл керемет өмірде бір орында тұрып қалуға болмайды.Армандаңыз,арман адаммен бірге өсіп,өркендейді.Оның үстіне армандардың орындалатын ерекшелігі бар!

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/armany-a-talpyn-845620](https://yvision.kz/kk/post/armany-a-talpyn-845620)