---
title: "Армандарым, арманым, армандар-ай «Аудио өлең»"
description: "Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Ernesto Cortazar “..."
author: "Aikosmuz"
published: "2016-08-22T06:09:02+00:00"
modified: "2016-08-22T06:09:02+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/armandarym-armanym-armandar-ay-audio-le-708162"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/armandarym-armanym-armandar-ay-audio-le-708162/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Армандарым, арманым, армандар-ай «Аудио өлең»

> Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы Әуен авторы – Ernesto Cortazar “...

**Өлең авторы – Айгүл Сағымбайқызы**

**Өлеңді оқыған – Айгүл Сағымбайқызы**

**Әуен авторы – Ernesto Cortazar “Remembrance”**

**Бейнематериал авторы - Гулбу Осоркул кызы 'Арзуу'**

**Өңдеген – Бақытжан Бекмұхаммедұлы**

**Вконтакте – [https://vk.com/public56982889](https://vk.com/public56982889)**

 
 
 
 
 

Адастың ба, сен арман, жолыңды іздеп,

Бір көрініп кеттің-ау, ғайып болып.

Мың тілектің ішінен, бірін естіп,

Көрінесің, бара жатсам, мен солып.

 

Әр таңымды, атқыздым-ау, тілекте,

Болсын деп тұрақты, беу арманым.

Білемін ғой, біліп тұр ғой жүректе,

Сонда да, алаңдайды, мынау жаным.

 

Армандарым, арманым, армандар-ай,

Талай мені шөлдетіп, сусындырған.

Лапылдаған отына, жанғанымдай,

Ал бір кезде, ызғарына тоңдырған.

 

Ұрып жатса, дауылымен тағдырым,

Жыламаймын, жыламаймын тік тұрып.

Өйткені, тұр ғой әлі асауларым,

Сол арманда, алдымда, мені күтіп.

 

https://www.youtube.com/watch?v=W3R3zrP6lvI

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/armandarym-armanym-armandar-ay-audio-le-708162](https://yvision.kz/kk/post/armandarym-armanym-armandar-ay-audio-le-708162)