---
title: "Арман Оспановтың америкалық қарсыласы кім?"
description: "Арман Оспанов алғашқы кездесуін америкалық Крис Уэйдке қарсы жекпе-жекте өткізеді (18-6). Бұған дейі..."
author: "aibarrysdaulet"
published: "2021-05-15T11:24:12+00:00"
modified: "2021-05-15T11:24:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arman-ospanovty-amerikaly-arsylasy-kim-935036"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arman-ospanovty-amerikaly-arsylasy-kim-935036/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арман Оспановтың америкалық қарсыласы кім?

> Арман Оспанов алғашқы кездесуін америкалық Крис Уэйдке қарсы жекпе-жекте өткізеді (18-6). Бұған дейі...

Арман Оспанов алғашқы кездесуін америкалық Крис Уэйдке қарсы жекпе-жекте өткізеді (18-6). Бұған дейін француз Энтони Деасимен(13-4) кездеседі деп айтылған еді. Жекпе-жек 10 маусымда өтеді.

Крис Уэйд аралас жекпе-жекке келместен бұрын, күреспен шұғылданып, Нью-Йорк штатынының чемпионы болған.

Артынша кикбоксингке ауысып, әуесқойлар арасында түрлі жарыстарға қатысты.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/351286/8a6fe047bf5dbe6ac14398dabace82.jpg)

2011 жылы түбегейлі ММА-ға ауысып, аралас жекпе-жектегі мансабын бастады. Алғашқы бес жекпе-жегінде қарсылас шақ келтірмеген. Алайда алтыншы айқасында жеңілістің ашшы дәмін татты.

Рекорды 7-1 болған сәтте Крис Уэйдке UFC-ден ұсыныс түсті. Бұл 2014 жыл. Осы күнге дейін ол UFC-де 7 жекпе-жек өткізіп, бесеуінде жеңіске жетті.

Professional Fighters League ұйымына 2018 жылы ауысты. Бұл лигада ол 6 айқасында жеңсе, 6-де ұтылды.

Еске салайық, Арман Оспановтың соңғы жекпе-жегі 2020 жылы наурызда өтіп, бірінші раундта ресейлік Расул Мирзаевты (18-3) нокаутқа жіберді.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arman-ospanovty-amerikaly-arsylasy-kim-935036](https://yvision.kz/kk/post/arman-ospanovty-amerikaly-arsylasy-kim-935036)