---
title: "Арман ағаның арманы"
description: "Ет қызуымен айтты дейтіндей емес, көкем өте сабырлы, байсалды кісі. Ұшқалақ болған күннің өзінде же..."
author: "Beibit_Sarybai"
published: "2018-01-31T16:25:12+00:00"
modified: "2018-01-31T16:25:12+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arman-a-any-armany-794863"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arman-a-any-armany-794863/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арман ағаның арманы

> Ет қызуымен айтты дейтіндей емес, көкем өте сабырлы, байсалды кісі. Ұшқалақ болған күннің өзінде же...

Ет қызуымен айтты дейтіндей емес, көкем өте сабырлы, байсалды кісі. Ұшқалақ болған күннің өзінде желпілдейтіндей жастан өткен. Айтылған сөздің атылған екенін өзі біліп қана қоймай, өзгелерге де ескерте жүретін қасиеті тағы бар. Енді шегінерге жол жоқ. Алматыны артқа тастап, Астананы борандатып жүрген ағамның құйысқаны көтеріліп-ақ тұр. Бірде Алланың ақ жолымен, енді бірде Перуашевтің "Ақ жолымен" жүріп келе жатқан Арағам, енді Нарынқолға апаратын күре жолды көздеп жүр. Алдағы көктем Нарынқол жеке аудан болады. Сол кезде көкем жүгін жинайды. Жинатамыз. Айтылған сөз - атылған оқ! Кезіге кеткеннің бәрінен әлгі кетем дегенің қайда, ауданың бөлініпті ғой деген сөзді естіп жүре береді деп пе едіңіз?. Жо-о-қ, көкем өйтпейді. Ол бөлінген күні, немесе бөлінерден бірер күн бұрын салып отырады. Біріншіден кіндік кескен жеріне деген құрметі, екіншіден әрине ел алдында айтылған сөзінде тұру үшін... Осы көкем айтарын айтып алып, артынша айнып қалған жоқ па екен деген жаман ой да жоқ емес. Қанша дегенмен қаланың аты қала ғой. Ауылға тартып отырамын деу қиын емес, қаланы қиып кету де оңай емес-ау. Осы көкем әлгібір ізгі тілегін (аудан тезірек бөлінсе екен деген) іштей, ешкімге білдірмей кері тілеп жүрген жоқ па екен, осы?.. Бірер жыл тұрса тұра тұрса екеп жүрмесін, әуелі. Елдің жағдайы мынау, дәп қазір аудан бөлетін жағдайда емеспіз деп. Жо-о-о-оқ, атай көрмеңіз. Көкем ондай адам емес. Ол жақсы адам. Енді сол көкемнің ауданым жеке шықса екен, ел болсақ екен, тозған жер, тұралаған ауыл қайта гүлденсе екен деген арманы орындалып, елге берген уәдесін орындамақ болып ауылға барғанда, ел де бірдеңе істеу керек деп ойлаймын. Бата беріп қойып отыра беретін шал-шауқан Арман ағамсыз да жетеді. Демек, бойындағы барын пайдалану үшін көкеме мынандай қызметтер қолаулы шығар деп ойладым. Осының бірін таңдармыз. 1. Нарынқол ауданының идеология жөніндегі орынбасары. 2. Нарынқол аудандық Мәдениет бөлімінің басшысы. 3. Нарынқол аудандық "Хан тәңірі" газетінің бас редакторы. 4. ...өзі кетемде-кетем деп байбалам салғандағы көздеген қызметі)))) Ағам күні кеше туған ауылымызға тағы барып қайтты.

Ақпарат көзі

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arman-a-any-armany-794863](https://yvision.kz/kk/post/arman-a-any-armany-794863)