---
title: "АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында"
description: "12-сәуір күні Атырау қаласы студенттерінің қатысуымен өткен «Жасыл жапырақ» акциясына АРЕС колледжін..."
author: "Kasipkor"
published: "2014-04-14T04:05:15+00:00"
modified: "2014-04-14T04:05:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ares-kolledzhini-studentteri-zhasyl-zhapyra-akciyasynda-409589"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ares-kolledzhini-studentteri-zhasyl-zhapyra-akciyasynda-409589/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында

> 12-сәуір күні Атырау қаласы студенттерінің қатысуымен өткен «Жасыл жапырақ» акциясына АРЕС колледжін...

12-сәуір күні Атырау қаласы студенттерінің қатысуымен өткен «Жасыл жапырақ» акциясына АРЕС колледжінің студенттері де белсене қатысты.

![АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/h1z9r6Qn86534XWqSDI65O5Dxkntyp.jpg)

Акция Атырау қалалық жастар ресурстық ортылығы және Жасыл ел Атырау облыстық штабының қолдауымен өткізілді.

![АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/aEX8dh0f3YHS86QS0fgz98a87786E1.jpg)

Айтулы іс-шараның өз дәрежесінде өтуіне АРЕС колледжінің студенттері де ат салысты.

![АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/QkVgUvp3c5I93ke0t7YW2N6lGaE5sh.jpg)

Колледждің студенттік кеңесінің белсенділері Н.Абенова, Ж.Самиғоллаұлы, М.Сәттіғұл, С.Сұңғатов, И.Уразбаев әр студенттің аты жазылған түбіртектер дайындап таратты.

![АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/426b8dXul3k21UhA0kEDiy2oYyq832.jpg)

Алғашқы болып ағашты Атырау облысы Жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Мейірім Қалауи отырғызды.

![АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/LqCn6u3gzR3BHQZUMNB5yMj7Xrr2L6.jpg)

Акция барысында әр студент өзінің атаулы ағашын отырғызып, оларға су құйды. Барлығы акцияға АРЕС колледжінен 100 студент, 20 оқытушы және облыс жастарының қатарында 50 волонтер қатысты. Ағаш отырғызылып болған соң, колледж ауласында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен флеш-моб өткізілді.

![АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/t7OSvHFqZiI1wbr3e1VDCQQOjmvI5o.jpg)

Студенттер белсенділік таныстып, салауатты өмір салтын насихаттап, сауықтыру биін биледі. Жалпы акция өз мақсатына жетіп, жастар үлкен қызығушылықпен ат салысты.

![АРЕС колледжінің студенттері «Жасыл жапырақ» акциясында](https://storage.yvision.kz/images/user/kasipkor/i7DXpcZzFClz9tA9nqjFRA6g6JU13z.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ares-kolledzhini-studentteri-zhasyl-zhapyra-akciyasynda-409589](https://yvision.kz/kk/post/ares-kolledzhini-studentteri-zhasyl-zhapyra-akciyasynda-409589)