---
title: "Ардагерлерге құрмет!"
description: "Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 Жарлығымен «70 лет Побе..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-04-22T01:17:20+00:00"
modified: "2015-04-22T01:54:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerge-rmet-493261"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerge-rmet-493261/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ардагерлерге құрмет!

> Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 Жарлығымен «70 лет Побе...

![Ардагерлерге құрмет!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/I5ujb35XWaEH9PqnVMy1W12zre1X5e.jpg)

Елімізде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы №992 Жарлығымен «70 лет Победы в Великой Отечественной войне 1941-1945гг.» мерекелік медалімен Ұлы Отан соғысының ардагерлері марапатталуда.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік кеңес төрағасы Н.Сүйінбаев Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы мерекесі қарсаңында Х.Аминов, З.Батанова, А.Бримжаровтарды үйлеріне барып құттықтап, ардагерлерге мерекелік медальдарды табыстады. Ол ардагерлердің бейбітшілік үшін жасаған ерліктеріне алғыс білдіріп, дендеріңе саулық және ұзақ өмір тіледі.

![Ардагерлерге құрмет!](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/Pi0HS3343pn21Fd001ip5jdNUp9Rou.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerge-rmet-493261](https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerge-rmet-493261)