---
title: "«Ардагерлерді ардақтайық»"
description: "Қазанның 1 күні «Жас Отан» ЖҚ белсенді жастары \"Ардагерлерді ардақтайық\" жобасының щеңберінде Петроп..."
author: "sakenovam"
published: "2015-10-02T07:48:59+00:00"
modified: "2015-10-02T07:48:59+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerdi-arda-tayy-557072"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerdi-arda-tayy-557072/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Ардагерлерді ардақтайық»

> Қазанның 1 күні «Жас Отан» ЖҚ белсенді жастары "Ардагерлерді ардақтайық" жобасының щеңберінде Петроп...

Қазанның 1 күні «Жас Отан» ЖҚ белсенді жастары "Ардагерлерді ардақтайық" жобасының щеңберінде Петропавл қ. тұратын ардагер Чопоров Алексей Васильевичке барып қайтты. Ардагер Жапониямен соғыста шығыс фронтында соғысқан. Топ командирін жарақаттағанда, Алексей Васильевич командир қызметін атқарып, өз жауынгерлерін күреске жетелеген. Содан соң оған сержант атағын берген. Соғыс біткен соң әлі 7 жыл әскери қызмет атқарып, кейінірек Петропавл қаласына қайтып, басында құрылысшы, содан соң депутат қызметінде жұмыс атқарған. Жастар қарияны үн-түнсіз тыңдап, оның ержүректігіне таң қалумен болды. Алексей Васильевич – қазіргі жастар үлгі етер нағыз батырдың өзі, соғыста өз Отаны мен оның келешегін, яғни бізді қорғаған ержүрек азамат! Кездесу барысында жастар қариямен ашық сөйлесіп, тәлім-тәрбие алды. Бұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұрады. Бұның бірден-бір себебі: өнегелі, үлкенге құрмет көрсетер жас өскелең ұрпақты тәрбиелеу, сонымен қатар,ортамызда жүрген қарт адамдарды, ардагерлерді ардақтап, көмек көрсетіп, қол ұшын созу. Өйткені бұндай жастағы адамдар үшін көңіл мен қарым-қатынас әсіресе маңызды, қажетті нәрсе.

1 октября активисты МК «Жас Отан» в рамках проекта "Ардагерлерді ардақтайық" навестили ветерана, проживающего в г. Петропавловск Чопорова Алексея Васильевича. На войне с Японией ветеран воевал на восточном фронте. Когда его командира ранили, Алексея Васильевича назначили на эту должность, и он повел своих подчинненых в бой. Затем получил звание сержанта. После войны еще 7 лет служил, затем вернулся в г.Петропавловск, где в начале работал строителем, а уже после этого стал депутатом. Алексей Васильевич настоящий пример для подражания нашей молодежи, человек, защищавший в бою свою Родину и ее будущее, то есть нас. И активисты затаив дыхание слушали каждое слово из уст героя. На встрече молодые люди имели возможность не только пообщаться, но и многому у него научиться. Такие мероприятия проводятся часто. Основной целью данных мероприятий является воспитание примерной, воспитанной молодежи, уважающюю свое старшее поколение, а так же помощь проявление уважения к нашим ветеранам. Так как в таком возрасте людям больше всего не хватает просто внимания и общения.

![«Ардагерлерді ардақтайық»](https://storage.yvision.kz/images/user/sakenovam/qxu01OSq3kAwu9051hjL35jEQ80fpZ.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerdi-arda-tayy-557072](https://yvision.kz/kk/post/ardagerlerdi-arda-tayy-557072)