---
title: "Ардагерлер төлемақыдан босатылады"
description: "01.11.12.Атыраулық Ұлы отан соғысы ардагерлері келер жылдан бастап барлық тұрғын үй коммуналды..."
author: "AIKYN"
published: "2012-10-31T23:12:13+00:00"
modified: "2012-10-31T23:12:13+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-t-lema-ydan-bosatylady-299710"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-t-lema-ydan-bosatylady-299710/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ардагерлер төлемақыдан босатылады

> 01.11.12.Атыраулық Ұлы отан соғысы ардагерлері келер жылдан бастап барлық тұрғын үй коммуналды...

**01.11.12. Атыраулық Ұлы отан соғысы ардагерлері келер жылдан бастап барлық тұрғын үй коммуналдық төлемдерінен босатылады.**

****

Аудан орталықтарындағы ардагерлер үйінің қызметін жандандыруға да жергілікті бюджеттен қаржы қаралатын болды. Бұл туралы Атырау об­лысының әкімі Бақтықожа Із­мұхамбетов республикалық «Ардагерлер ұйымы» қоғамдық бірлестігінің құрылғанына 25 жыл толуына орай ұйымдас­ты­рылған салтанатты шарада мәлім етті. Ардагерлердің көкейінде жүрген өзекті мәселелер айтыл­ған салтанатты шарада аймақ басшысы атыраулық ақсақал­дарға алдағы уақытта Кавказ-дағы «Қазақстан геологы» пан­сио­натында денсаулығын оңалтуға барлық жағдай жаса­латынын айтты.

- Ардагерлер ұйымы осы жыл­дардың ішінде Елбасы Н.На­зарбаевтың баянды бас­тамасының қолдаушысы, тә­уелсіздігіміздің тұғырлы бо­луында сенімді серіктесі болды.Келер жылдан бастап соғыс ар­дагерлерінің тұрғын үй ком­му­налдық шаруашылығы ком­му­налдық шығындары жер­гі­лік­ті бюджет есебінен толығымен өтелетін болады. Екіншіден - аудан орталық­тарында арда­герлер үйлерін жасақтап, үшін­шіден ардагерлер ұйымына тұрақты көмек көрсетуді қолға алғалы отырмыз, - деді облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбе­тов. Қазіргі таңда облыста Ұлы Отан соғысына қатысқан 156 ардагер бар. **Тұрсын ҚАЛИМОВА ** **Атырау облысы**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-t-lema-ydan-bosatylady-299710](https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-t-lema-ydan-bosatylady-299710)