---
title: "Ардагерлер қашанда құрметке лайық жандар."
description: "Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толды. Бұл көп уақыт болып көрінгенімен, д..."
author: "zhasotan_bko"
published: "2015-02-10T00:55:19+00:00"
modified: "2015-02-10T00:55:19+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-ashanda-rmetke-layy-zhandar-468860"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-ashanda-rmetke-layy-zhandar-468860/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Ардагерлер қашанда құрметке лайық жандар.

> Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толды. Бұл көп уақыт болып көрінгенімен, д...

Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толды. Бұл көп уақыт болып көрінгенімен, дүниені дүр сілкіндірген осынау дүрбелең кезеңнің қиын-қыстау сәттері күні бүгінге дейін көпшіліктің есінде екені рас. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Сұм соғыстың зардабын мыңдаған қала, милиондаған адам көргені анық. Осы орайда «Нұр Отан» партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында Нұр Отан Партиясының БҚОФ және «Жас Отан» ЖҚ ұйымдастыруымен ҰОС ардагерлеріне бір реттік азық-түлік пакеті беріліп, депутаттар мен жасотандық еріктілер жеңістің 70 жылдығымен құттықтады. Бір апта бойы еріктілер қалалық мәслихат депутаттарымен қаламыздағы 180 ардагердің үйінде болып жағдайларымен танысты. Ардагерлер өз өмір жолдарымен бөлісіп, қиындықтарымен өзекті мәселелерін халық қалаулыларына айтты. Өз тарапында депутаттармен жасотандықтар барынша көмектесуге ықпал ететіндіктерін жеткізді. Қазіргі таңда ардагерлер туралы толық ақпарат жиналып, база жасақталуда. Ардагерлер басты байлығымыз, бейбіт күніміз деп оны сақтап отырған Елбасыға алғыстарын жаудырды.

![Ардагерлер қашанда құрметке лайық жандар.](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/49ectwB1DIf9hrETIfIODDKfuSxNZG.jpg)

![Ардагерлер қашанда құрметке лайық жандар.](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/rA0EWiDRoFs99wRdmkQQ3rQ1uscT5v.jpg)

![Ардагерлер қашанда құрметке лайық жандар.](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/Z31lXx1sXQ83daWDzs8AKne3OLN9yW.jpg)

![Ардагерлер қашанда құрметке лайық жандар.](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/TnkcL5fP0YBeeadd9wtxxN78d9efef.jpg)

![Ардагерлер қашанда құрметке лайық жандар.](https://storage.yvision.kz/images/user/zhasotan_bko/7D89zAToxNG1Q2IW6W38Wvg1kwpu24.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-ashanda-rmetke-layy-zhandar-468860](https://yvision.kz/kk/post/ardagerler-ashanda-rmetke-layy-zhandar-468860)