---
title: "Арбат жастар көрмесі Аққу ауылында"
description: "Аққу ауылында «Арбат-2016» жастар шығармашылық фестивалі өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсізд..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-17T00:12:09+00:00"
modified: "2016-08-17T00:12:09+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arbat-zhastar-k-rmesi-a-u-auylynda-707276"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arbat-zhastar-k-rmesi-a-u-auylynda-707276/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Арбат жастар көрмесі Аққу ауылында

> Аққу ауылында «Арбат-2016» жастар шығармашылық фестивалі өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсізд...

Аққу ауылында «Арбат-2016» жастар шығармашылық фестивалі өткізілді. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған бұл көрмеге аудан округтері де белсене ат салысты. Көрмеде қол өнер шеберлерінің, суретшілердің, тігіншілердің қолымен жасалған әдемі бұйымдары көрермендердің назарын аудартты. Көрмемен қатар мерекелік концерт те ұсынылып әсем ән шырқалып, мың бұралған би де биленді. Мерекелік концерт Аудан әкімінің орынбасары Қасымова Алма Жантемірқызының құттықтау сөзімен басталды. Өз кезегінде Павлодар облысы жастар ресурстық орталығының жастарға заңды, психологиялық қолдау көрсету және жастар орталықтарының қызметін бақылау бөлімінің басшысы Оракбаева Зарина Өмірзаққызы құттықтау сөзін білдіріп марапаттау рәсімін жүргізді. «Арбат» көрмесінің мақсаты аудан көлеміндегі дарынды, талантты, шебер жастарды елге таныту, еңбектерін халыққа насихаттау. Бұл бастама жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп тұратын болады.

![](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/GvkuKAs1X1iQ9WYuQgSWl4lPQ5dm2b.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arbat-zhastar-k-rmesi-a-u-auylynda-707276](https://yvision.kz/kk/post/arbat-zhastar-k-rmesi-a-u-auylynda-707276)