---
title: "«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы"
description: "Жаз айлары бойы Павлодар облысының қалалары мен аудандарында «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесі ..."
author: "CRMI"
published: "2016-08-21T23:55:49+00:00"
modified: "2016-08-21T23:55:49+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arbat-2016-zhastar-k-rmesini-saltantty-zhabyluy-708040"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arbat-2016-zhastar-k-rmesini-saltantty-zhabyluy-708040/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы

> Жаз айлары бойы Павлодар облысының қалалары мен аудандарында «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесі ...

Жаз айлары бойы Павлодар облысының қалалары мен аудандарында «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесі өткізіліп келеді. Көрмеде әртүрлі бағыттағы өнерлер көрсетіліп, көптеген қол өнер бұйымдары ұсынылуда. Оған қоса көрмеген жиналған көпшілік көрмеде спорттың экстрималды түрлерін тамашалады.

![«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/7pbVY3og8k6dK57diXY5M9dxD933We.jpg)

Жаз айының аяқталуына орай, 21 тамыз күні Гагарин атындағы қалалық саябағында «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесінің салтанатты жабылуы өткізілді. Павлодар облысының қалалары мен аудандарының өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұйымдастырылды.

![«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/EsaCHYBbLYOknf4Zrv2jkkawQ16wZu.jpg)

Баянауыл, Қашыр, Успен, Щарбақты, Май, Железин аудандарының белсенділері дүйім жұртты өздерінің өнерлерімен тамсандырды. Мерекелік концертпен қатар қол өнер шеберлерінің алаңдарының жұмыстары қала тұрғындарына көрсетілді.

![«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/xfvf8B4wiQceUh190d6kYJkGPZ6DFU.jpg)

Жаз бойы «Арбат-2016» шығармашыл жастар көрмесінің өтуіне ат салысқан жастарды Павлодар облысы «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ-сі алғыс хаттарымен марапаттады. Бос уақыттарын қоғамдық жұмыстарға арнап, әдемі өнерлерін көрсете білетін жастарға біз де алғысымызды білдіреміз.

![«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/TN59j600VDD11T4oWPMRTkv4WcpI4g.jpg)

![«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/10jzL5E16Mtee8DljrbXWb08RjKY7k.jpg)

Керекуде жастар арасында әндері танымал болған жас әншілер Аман мен Тілекте бұл іс-шарада өздерінің өнерлерін көрсетті. Биік белестерді бағындыра бергей!

![«Арбат-2016» жастар көрмесінің салтантты жабылуы](https://storage.yvision.kz/images/user/crmi/H6YcmCIfsT5OZcbyEI7u3Bi1Rbxh5O.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arbat-2016-zhastar-k-rmesini-saltantty-zhabyluy-708040](https://yvision.kz/kk/post/arbat-2016-zhastar-k-rmesini-saltantty-zhabyluy-708040)