---
title: "Қаратөбе және Сырым ауданының активімен кездесу"
description: "«2015 жылдың 5 тамыз Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасын, қылмыстық Ко..."
author: "anticorruptionZKO"
published: "2015-08-07T05:32:46+00:00"
modified: "2015-08-07T05:32:46+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arat-be-zh-ne-syrym-audanyny-aktivimen-kezdesu-527658"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arat-be-zh-ne-syrym-audanyny-aktivimen-kezdesu-527658/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаратөбе және Сырым ауданының активімен кездесу

> «2015 жылдың 5 тамыз Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасын, қылмыстық Ко...

![Қаратөбе және Сырым ауданының активімен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/nB8sS3JzQ55gh2aVyyGNxuETDo9Rst.jpg)

«2015 жылдың 5 тамыз Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасын, қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістер туралы және «Е**-**қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін бойынша әдістемелік көмек көрсету мақсатында, Мемлекеттік қызмет және жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А.Жұбаныш және консультанты Ә.Мұқашев Батыс Қазақстан облысының Сырым және Қаратөбе ауданында іс**-**сапармен болды.

Кездесуге Сырым ауданының активі мен Шыңғырлау және Қаратөбе, аудандары әкімдерінің аппарат басшылары қатысты.

Шара барысында қатысушыларға «Ұлт жоспары – 100 нақты қадамдағы» кәсіби аппарат пен автономды мемлекет құрудың басты бағыттары мен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегияның негізгі мақсаттары және «Е**-**қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесін түсіндірілді.

Шара соңында қатысушыларға «Бірінші институционалды реформа: Заманауи, кәсіби және автономды мемлекет құру» жаднамалары таратылды.

Осындай шара Қаратөбе ауданының орталығы Қаратөбе ауылында өткізілді.

Семинар**-**кеңесте Қаратөбе ауданының дербес бөлім басшылары және ауылдық округ әкімдерімен кездесті. Кездесу барысында Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бірінші институционалды реформасын, қылмыстық Кодекске енгізілген өзгерістер және «Е**-**қызмет» ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі бойынша әдістемелік көмек жұмыстары түсінтірілді.

Департамент қызметкерлерімен жасалған баяндамалар арнайы жасақталған слайдтармен сүйемелденді.

![Қаратөбе және Сырым ауданының активімен кездесу](https://storage.yvision.kz/images/user/anticorruptionzko/1geSXJqDsJ6J6cEYXoEy0FL8PA2i4E.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arat-be-zh-ne-syrym-audanyny-aktivimen-kezdesu-527658](https://yvision.kz/kk/post/arat-be-zh-ne-syrym-audanyny-aktivimen-kezdesu-527658)