---
title: "Қаратөбе ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды"
description: "Астана күні қарсаңында Қаратөбе ауданы орталығында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашыл..."
author: "kazsportagent"
published: "2015-07-02T00:24:43+00:00"
modified: "2015-07-02T00:24:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arat-be-audanynda-dene-shyny-tyru-sauy-tyru-kesheni-ashyldy-518183"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arat-be-audanynda-dene-shyny-tyru-sauy-tyru-kesheni-ashyldy-518183/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қаратөбе ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды

> Астана күні қарсаңында Қаратөбе ауданы орталығында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашыл...

# [!\[Қаратөбе ауданында дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150702070920-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2015/07/20150702070920.jpg)

Астана күні қарсаңында Қаратөбе ауданы орталығында 160 орындық дене шынықтыру-сауықтыру кешені ашылды.

Оның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімінің орынбасары Алмаз Бадашевтің атап өткеніндей, Елбасы тапсырмасына сәйкес өңірлерде спорттың бұқаралылығын арттыруға, салауатты өмір салтын орнықтыруға айрықша мән беріледі. Тұрғындар неғұрлым спортпен айналысып, өз денелерін шынықтырса, соғұрлым ширақ, көңілдері шалт болатыны анық. Аталмыш кешенде де адамдардың қалаған спорт түрімен шұғылдануына барынша жағдай жасалған.

Кешен ұжымына облыс әкімі атынан автокөлік кілті табыс етілді.

Айта кетейік, республикалық бюджет есебінен кешен құрылысына 286,8 млн. теңге жұмсалды. Мердігер ұйым — «Тараз сәулеті» ЖШС. Дене шынықтыру-сауықтыру кешені қазіргі заманғы спорттық құрал-жабдықтармен де қамтамасыз етілген. Кешенде ашылу рәсімінен кейін қазақ күресінен аймақтық ашық біріншіліктің финалдық белдесулері өтіп, онда қаратөбелік Сержан Ерлан (лақап аты Шотқара) түйе палуан атанса, ақтөбеліктер Нұржан Бекарыстанов (Ақтөбе арланы) пен Көбеген Айдосұлы (Көкбөрі) екінші, үшінші орындарды бөлісті.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arat-be-audanynda-dene-shyny-tyru-sauy-tyru-kesheni-ashyldy-518183](https://yvision.kz/kk/post/arat-be-audanynda-dene-shyny-tyru-sauy-tyru-kesheni-ashyldy-518183)