---
title: "«Араша» не үшін араша түсіп жүр?"
description: "Мамыр айының жиырма алтыншы жұлдызында, Алматыда «Араша» комитеті құрылды. Бұл комитеттің мақсаты: 2..."
author: "akzhar"
published: "2016-05-30T06:37:37+00:00"
modified: "2016-05-30T06:37:37+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arasha-ne-shin-arasha-t-sip-zh-r-695484"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arasha-ne-shin-arasha-t-sip-zh-r-695484/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Араша» не үшін араша түсіп жүр?

> Мамыр айының жиырма алтыншы жұлдызында, Алматыда «Араша» комитеті құрылды. Бұл комитеттің мақсаты: 2...

Мамыр айының жиырма алтыншы жұлдызында, Алматыда «Араша» комитеті құрылды. Бұл комитеттің мақсаты: 21 мамырда санкцияланбаған митингтерді өткізбекші болған және сол әрекеттері үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған белсенділердің құқықтарын қорғамақшы. Комитеттің құрамына мына азаматтар кірген екен: Евгений Жовтис, Гүлжан Ерғалиева, Әміржан Қосанов, Маржан Аспандиярова, Жанболат Мамай. Олардың мәлімдеуінше: - «Қазақстанда қуғын-сүргін науқаны жүріп жатыр!».., және осы сандырақ әрі қарай жалғасып, шынайы жағдаймен еш жанаспайтын түрде аяқталады.

Бірден осы азаматтардың 25 жылдық тәуелсіздігіміздің тұғырымызда орны барма? Болса қандай? – анықтап алайық. Қылмыс жасап адамның өмірін қиған Жовтисті айтпай-ақ қоялық, осы бейбақ өз арын танып-біліп алса қалай. Ал, Гүлжан Ерғалиева «Свобода Слованы» қаншаға сатқан екен? Еш жерге симайтын Әміржан Қосанов, ЖСДП-ның бұрынғы «Бас хатшысы» не дейді, әлде «оппозиция» - деп, қызметтік мансап пен жақсы жалақы іздеп жүрме? ЖСДП-ның табалдырығын аттап алмай қалғанын тез ұмытып қалған ғой. Жанболат Мамай, бұл бір халық арасында кең тараған анекдотты еске түсіреді, тіпті бір емес бірнеше анекдотты. Аң патшасы арыстан: «Бойдақтар оң жаққа, ерлі-зайыптылар сол жаққа тізіліңдер»- деп бұйырыпты. Сонда жалғыз түлкі: «Ажырасқандар қайда тұрады?»-деп сұрапты. Ия, бұл Мамайдың қылықтары осындай, өз Отанында өзге елдің елшіліктерін аралап, өз еліне топырақ шашып жүрген адам. Азамат болсаң ренжісіңді өз елінде айтсаң дұрыс болар еді.

Құрметті қазақ тілді оқырман! Мен бұл мақаламда «Араша» комитетінің мүшелерін даттайын деген ойым жоқ, бұл нақ олардың қоғамдағы өткен әрекеттері. Бұлардың бәрінің өмірлік ұстаным пәлсәпасы мен идеологиясы өте ұқсас, Е.Жовтис өзінің автокөлігімен қағып мерт қылған адамның тумаларына көп ақша ұсынды – кешірім үшін. Гүлжан Ерғалиева «Свобода Слованы» - көп ақшаға сатты. Әміржан Қосанов –кезкелген партияда жақсы жалақы үшін қызмет атқаруға барады. Жанболат Мамай шетел елшіліктерінің табалдырығын тоздырып – «демократияны дамыту жолында» гранттар сұрап жүр. Сондықтан олар қоғам алдында, қарапайым халық алдында өздерін пиарламақшы.

Олар «кімдер үшін?» комитет құрып жүрген жоқ, ол бесенеден белгілі, тұтқындалған белсенділер заңды бұзды, қоғамның тыныштығын шайқамақшы болды және тиісті жазаларын алады.

«Араша» - «не үшін?» араша түсіп жүр деген сауал дәл болады. Оның жауабы «Араша» комитеті өзіне арзан бедел жинап, Қазақстанның көп жылғы ішкі татулығы мен тұрақтылығы көздеріне тікендей қадалып жүрген шетелдік опасыздардың қаражаттарына қызығып, ауыздары арымдай ашылып жүр.

Жер мәселесі халқымыздың ар-намысы мен абыройын паш етті. Қазақ халқы ерлігі мен жігерін парасатты сабырын ұлықтады. Арандатушы күштерге ерген жоқ, шаңырағы шайқалған жоқ. Лайым солай болғай.

 

Ал шын мәнінде бұл комитет мүшелері біржақты «Жер мәселесі жөніндегі комитеттің» жұмысын даттай жөнелген адамдардан құрылды. Сонда қалай? Олар ашық диалогтан қашып, маңызды жер мәселесін көшеде митингтермен шешпекші ме? Жоқ! Бұл комитетттен үзілді-кесілді келісуге болмайды. Өйткені мейлінше қоғамдық тұрақтылық қымбат! Мейлінше Қазақ еліндегі тыныштығы қымбат! Заң қатаң орындалуы керек, еліміздегі қалалардың көшелерінде адамдар емін-еркін алаңсыз, митингтердің дүрсілінен қорықпай жүру керек. Ал мыналар кімдер, митингтерді жақтаушылар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arasha-ne-shin-arasha-t-sip-zh-r-695484](https://yvision.kz/kk/post/arasha-ne-shin-arasha-t-sip-zh-r-695484)