---
title: "Аранды ашқан жемқорлық"
description: "Жаныңды жабырқатпай жақсы жандардың жәрдеміне жүгінгенге кімнің аңсары ауар дейсің!? Басыңа іс түсіп..."
author: "shapagat20"
published: "2016-11-11T01:34:06+00:00"
modified: "2016-11-11T01:34:06+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/arandy-ash-an-zhem-orly-725667"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/arandy-ash-an-zhem-orly-725667/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Аранды ашқан жемқорлық

> Жаныңды жабырқатпай жақсы жандардың жәрдеміне жүгінгенге кімнің аңсары ауар дейсің!? Басыңа іс түсіп...

Жаныңды жабырқатпай жақсы жандардың жәрдеміне жүгінгенге кімнің аңсары ауар дейсің!? Басыңа іс түсіп, халыққа қызмет көрсету орталықтарына бара қалсаң, «анау керек, мынау керек», - деп сары күнде сасыған миыңды сандалтатыны жасырын емес. Қарапайым халыққа қажеттілігін орындау мұң емес дей ме, көзі мен қоңқақ мұрнына қомпайтып көзілдірік кигендер өз істерін жетік білмейді емес, біледі-ақ. Бірақ аранды ашып, тамақтан қылғытар тәтті шырынды дәмететін бал арасы тәрізді сырттай жіңішке, іштей жуан қарын майдан үміті зор қызметкерлер жаны қиналған, көмекке зәру жандардан қызметін аяп, көк қағазға телміреді де қалады-мыс. Арыстанның сасық еттен ауыз тигісі келгенін сезген қорқау қоян демде қапшыққа өзі әрең қазған сәбізін салып қомпайта қояды.

Менің білмейтінім, орманда қарапайым жан-жануарлар болмаса, алып арыстанның қара дорбасына ай сайын қаржы түспейтіндігін неге түсінбейді екен. Олар бәрін түсінбейді емес, түсінеді. Тек қара құлқынның қамы «кел, кел, әкел, әкел» деп ишара таныта беретіні болмаса...

**Шапағат СЕРДӘЛІҚЫЗЫ**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/arandy-ash-an-zhem-orly-725667](https://yvision.kz/kk/post/arandy-ash-an-zhem-orly-725667)