---
title: "\"Араларыңызда қордайлықтар бар ма?\" Саят Медеуов..."
description: "Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде бүгінгі мереке құрметіне белгілі әнші Саят Медеуов өнер көрсетті. \"Өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды..."
author: "orazali"
published: "2024-05-09T10:33:35+00:00"
modified: "2024-05-09T10:33:35+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/aralary-yzda-ordayly-tar-bar-ma-sayat-medeuov-t-rmede-n-saldy-1004425"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/aralary-yzda-ordayly-tar-bar-ma-sayat-medeuov-t-rmede-n-saldy-1004425/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# "Араларыңызда қордайлықтар бар ма?" Саят Медеуов...

> Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде бүгінгі мереке құрметіне белгілі әнші Саят Медеуов өнер көрсетті. "Өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды...

*Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты №72 мекемесінде бүгінгі мереке құрметіне белгілі әнші Саят Медеуов өнер көрсетті.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/f4e22b684dd2f21dcb1f2645395910.jpg)

"Өнер қайраткерімен кездесу алдында мекеме ұжымы мен шаруашылық қызмет жасағындағы сотталғандарды Жеңіс күнімен құттықтаған №72 мекеме бастығының орынбасары әділет майоры А. Әлімжанов Қазақстан халқы үшін маңызы зор мерекенің маңызымен таныстырып, құттықтау сөз сөйледі. Ішкі істер министрлігінің ҚАЖД мекемелеріндегі жағдайды сауықтырудың 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарының тармақтарын орындау мақсатында ұйымдастырылған кездесуде әнші өз репертуарындағы патриоттық әндерді орындап, сотталғандардың ризашылығына бөленді", - деп жазады Polisia.kz.

Рас-өтірігін білмейміз, баяғыда әнші Мәдина Садуақасова бір түрмеде өнер көрсетіп тұрып: "Араларыңызда қызылордалықтар бар ма?" деп сұраған көрінеді. Сол сияқты Саят Медеуов те жазасын өтеушілерден "Араларыңызда қордайлықтар бар ма?" деп сұраған жоқ па екен?

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/aralary-yzda-ordayly-tar-bar-ma-sayat-medeuov-t-rmede-n-saldy-1004425](https://yvision.kz/kk/post/aralary-yzda-ordayly-tar-bar-ma-sayat-medeuov-t-rmede-n-saldy-1004425)