---
title: "«Қара шаңырақ» қайта эфирге шығады"
description: "Телехикаяның 1-3 бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-да көріңіз. «Қара шаңырақ» - отбасылық..."
author: "TRK_kaz"
published: "2015-07-24T22:36:17+00:00"
modified: "2015-07-24T22:36:17+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-sha-yra-ayta-efirge-shy-ady-524655"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-sha-yra-ayta-efirge-shy-ady-524655/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# «Қара шаңырақ» қайта эфирге шығады

> Телехикаяның 1-3 бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-да көріңіз. «Қара шаңырақ» - отбасылық...

Телехикаяның 1-3 бөлімдерін бүгін Ұлттық арнадан сағат 18:10-да көріңіз.

![«Қара шаңырақ» қайта эфирге шығады](http://storage.yvision.kz/images/user/trk_kaz/82192Zxfzv1F81i8XpFw2i3OGIL9g0.png)

«Қара шаңырақ» - отбасылық құндылықтарды насихаттауды мақсат тұтқан телехикая. Телехикаяның негізгі тақырыбы үш ағайындының арасында өрбиді. Үлкені – ірі кәсіпкер, ортаншысы – спортшы, қылмыс әлемімен аздап байланысы бар, ал кенжесі ауылда өмір сүріп, ауыл шаруашылығымен айналысады. Әрқайсысының отбасы бар. Сондай-ақ, ағайын арасындағы кейбір мәселені олар өз бетінше шешуге тырысады.

Бұған дейін «Қазақстан» Ұлттық телеарнасынан көрсетілген телехикаяның қайталау бөлімдерін бүгіннен бастап сенбі-жексенбі күндері тамашалай аласыздар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-sha-yra-ayta-efirge-shy-ady-524655](https://yvision.kz/kk/post/ara-sha-yra-ayta-efirge-shy-ady-524655)