---
title: "Қара мысық, ақ қар, таңғы 8)"
description: "Өткенде жұмысқа бара жатсам, бір қара мысық жаныма келіп, біраз қасымнан кетпей жүріп келді. Бір үн ..."
author: "Aizhantabyn"
published: "2011-11-02T21:46:06+00:00"
modified: "2011-11-02T21:46:32+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-mysy-a-ar-ta-y-8-202992"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-mysy-a-ar-ta-y-8-202992/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қара мысық, ақ қар, таңғы 8)

> Өткенде жұмысқа бара жатсам, бір қара мысық жаныма келіп, біраз қасымнан кетпей жүріп келді. Бір үн ...

Өткенде жұмысқа бара жатсам, бір қара мысық жаныма келіп, біраз қасымнан кетпей жүріп келді. Бір үн шығармайды ғой, тек анда-санда басын көтеріп, бір қарап қояды. Ойланып келем: "Аш па екен, неге ізімнен қалмайды өзі?" деп, кілт тоқтап ем, әлгі мысық аяғымды шыр айнала бастады. Өзі жып-жылы. Біраз айналды да, бір қарап, артқа қарай кетіп қалды. Мен аң-таң, таңымен көлігін қардан тазалап жатқан бір ағай мүлдем қатып қалған. Қызық!

![Қара мысық, ақ қар, таңғы 8)](https://storage.yvision.kz/images/user/aizhantabyn/f864dy4K1dO2afyho6A4XwIPotD0Nf.jpg)

мына жерде тез айналғаны сонша, түсіріп үлгермедім, тек құйрығы ғана көрінеді...

![Қара мысық, ақ қар, таңғы 8)](https://storage.yvision.kz/images/user/aizhantabyn/WVw2Hl8Gdfs4o5Qo4fc82i9GMgJ6Pg.jpg)

ал мында толығымен көрінеді.

![Қара мысық, ақ қар, таңғы 8)](https://storage.yvision.kz/images/user/aizhantabyn/EdAEE0Um5l67fBciBH0LYahGM7iJzE.jpg)

"Сау бол!" деместен "по-английски" кетіп бара жатыр)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-mysy-a-ar-ta-y-8-202992](https://yvision.kz/kk/post/ara-mysy-a-ar-ta-y-8-202992)