---
title: "Қарақия ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді"
description: "Ағымдағы жылдың 20 маусымында Қарақия ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық..."
author: "StopCorruption"
published: "2015-07-15T07:34:24+00:00"
modified: "2015-07-15T07:34:24+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-iya-audanynda-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-521925"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-iya-audanynda-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-521925/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарақия ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді

> Ағымдағы жылдың 20 маусымында Қарақия ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық...

Ағымдағы жылдың **20 маусымында** Қарақия ауданында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі аясында 23 маусым Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне арналған аудандық II Спартакиада өткізілді.

Бұқаралық-спорттық шараға аудан әкімінің аппаратына қарасты мемлекеттік мекеме қызметшілері қатысты.

Спартакиада 11 спорт түрлері бойынша өткізілді, атап айтқанда: дартс, асық ату, бестас, қол күресі, пауэрлифтинг, шахмат, дойбы, үстел теннисі, гір тасын көтеру, жеңіл атлетика, бір орнынан ұзындыққа секіру.

Іс-шара соңында аудан әкімі аппаратының басшысы **А. Таубаев** жарысқа қатысушы мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтап, жеңімпаздарды I, II, III дәрежелі дипломдармен марапаттады.

![Қарақия ауданында Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтілді](https://storage.yvision.kz/images/user/stopcorruption/93CWj7J58ATCG6YOO408iRiK498mwh.jpg)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-iya-audanynda-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-521925](https://yvision.kz/kk/post/ara-iya-audanynda-memlekettik-yzmetshiler-k-ni-atap-tildi-521925)