---
title: "Қарағандыда футболдан «Былғары доп» турнирі өтті"
description: "Футболдан «Былғары доп» балалар-жастар турниріне Қазақстанның әр түрлі облыстарынан 16 команда ..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-07-21T23:20:15+00:00"
modified: "2013-07-21T23:20:15+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-futboldan-byl-ary-dop-turniri-tti-364498"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-futboldan-byl-ary-dop-turniri-tti-364498/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағандыда футболдан «Былғары доп» турнирі өтті

> Футболдан «Былғары доп» балалар-жастар турниріне Қазақстанның әр түрлі облыстарынан 16 команда ...

[!\[Қарағандыда футболдан «Былғары доп» турнирі өтті\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/414149ed82e4637ba7c1526816573d12.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/07/414149ed82e4637ba7c1526816573d12.jpg)

Футболдан «Былғары доп» балалар-жастар турниріне Қазақстанның әр түрлі облыстарынан 16 команда қатысты, деп хабарлайды [BNews.kz](http://www.bnews.kz/kk/)тілшісі.

Қарағандыда өткен ауқымды республикалық турнирлердің біріне 2000-2001 жылы туған 288 спортшы қатысты.

Ойындар бір мезетте Қарағанды облысының екі стадионында: Сарандағы «Сұңқар» және Теміртаудағы «Металлург» стадионында өтті.

Үшін орын үшін Жамбыл және Шығыс Қазақстан командалары кездесіп, 3:0 есебімен Жамбыл облысы жеңіске жетті. Финалда Алматы мен Павлодар облысының командалары бақ сынап, 4:0 есебімен алматылықтар басым түсті.

Ойыннан кейін жеңімпаздарды марапаттау салтанаты өтті.

 

«www.bnews.kz».

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-futboldan-byl-ary-dop-turniri-tti-364498](https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-futboldan-byl-ary-dop-turniri-tti-364498)