---
title: "Қарағандыда асфальт опырылды"
description: "Асфальт 21 шілдеге қараған түні 16-шағынаудандағы Майлин мен Өркен көшелерінің қиылысында болған. Оп..."
author: "usergoogle106130794574359253877"
published: "2022-07-22T12:30:11+00:00"
modified: "2022-07-22T12:30:11+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-asfalt-opyryldy-971821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-asfalt-opyryldy-971821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағандыда асфальт опырылды

> Асфальт 21 шілдеге қараған түні 16-шағынаудандағы Майлин мен Өркен көшелерінің қиылысында болған. Оп...

Асфальт 21 шілдеге қараған түні 16-шағынаудандағы Майлин мен Өркен көшелерінің қиылысында болған. Опырылған жерде тереңдігі үш метр, ені екі метр шұңқыр пайда болды.

«Қарағанды ​​Су» ЖШС мәліметінше, апат болған жерге жедел топ аттанған.

«21 шілдеге қараған түні 16-ықшамаудандағы Майлин көшесінде "Қарағанды ​​Су" ЖШС-нің кәріз коллекторында асфальт опырылып, төтенше жағдай болды. Оқиға орнына дереу бригада барды, олар қоршаулар мен белгілер қойып, кезекшілікте болды», - деді «Қарағанды ​​Су» ЖШСөкілдері.

Бүгін таңертең коммуналдық қызмет бригадасы ақауды жою үшін кәріз жүйесіндегі апаттық жұмыстарды бастады. Компания алдағы уақытта асфальт төсеніштері қалпына келтірілетінін айтты.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-asfalt-opyryldy-971821](https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-asfalt-opyryldy-971821)