---
title: "Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті"
description: "Желтоқсан айының алғашқы күндерінің бірінде киелі Қарағанды жерінде қазақ жастары бірігіп, Қазақстан..."
author: "OtanshylZhas"
published: "2011-12-14T02:15:51+00:00"
modified: "2011-12-14T02:15:51+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-alashym-arda-ym-atty-tanymdy-kesh-tti-212820"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-alashym-arda-ym-atty-tanymdy-kesh-tti-212820/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті

> Желтоқсан айының алғашқы күндерінің бірінде киелі Қарағанды жерінде қазақ жастары бірігіп, Қазақстан...

Желтоқсан айының алғашқы күндерінің бірінде киелі Қарағанды жерінде қазақ жастары бірігіп, Қазақстан Республикасының 20 жылдық мерейтойы тұсында Алаш арыстарын еске алды. Қарағандылық жастар «Алаш апталығы» аясында Қарағанды мемлекеттік университетінің студенттер сарайында «Алашым-Ардағым!» атты әдеби танымдық кеш өткізді.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/UD00sR18StWUp9msgnYYl7sUOJ3aZG.jpg)

Іс-шара аясында кітаптар көрмесі, алаш ардақтыларына арналған стенд дайындалды.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/CU246t1lzq4LXfZSOZOCGy25U9XZb6.jpg)

Әдеби-танымдық кештің көркін ашып отырған жүргізуші, тек облысқа ғана емес, бүкіл республикаға танымал айтыскер-ақын Айтбай Жұмағұлов.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/6pybS3e94V882gU4vX61N5BlJwNwF0.jpg)

Қарағандының өнерпаз жастары еліміздің Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Алаш қайраткерлеріне арнап, әдемі әуендер ойналып, өлеңдер оқылып және патриоттық әндер шырқалды.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/69u0oI6MIpd4v08o6f1a1UViJ7NHkZ.jpg)

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/eU32XX21LMuCq3ePacYd9x2s6AWuBY.jpg)

Қасиетті жұма күніне тұспа-тұс келген әдеби кештен соң жақында ашылған облыстық орталық мешіттің асханасында Алаш арыстарының рухына бағышталып Құран оқылып, ас берілді. Асқа жетімдер үйлерінің балалары, ел ағалары және қала жастары қатысты.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/y8Na02W3ozi7FLo6v1yza23M4a47s4.jpg)

Астың алдында жиналған қауымға Алашорда қайраткерлері туралы деректі фильм көрсетілді. Асқа келген жастар деректі фильм арқылы Алаш арыстарының өмірімен, қызметімен танысты.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/qriHtimAuRwg8Y5yTd63Nkt3d6Yx7t.jpg)

Асқа облысқа белгілі ел ағалары, имамдар да келді. Олардың ішінде танымал саясаттанушы Ерлан Қарин де бар.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/C6bz7AtsWxwJPxbgJmoRV9gU457YHX.jpg)

Ерлан Қарин ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойы тұсында осындай іс-шараларды өткізудің және қазақ халқының азаттыққа жетудегі Алаш арыстары рөлінің маңыздылығын атап кетті.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/0oVH6w75yqRmgLVy33dQHOJCu4B4kQ.jpg)

Жұма намазға келген жастар да дастарханнан орын алды

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/3dG5q8X95E2m9wRbzl62ZHM40L17lJ.jpg)

Қарағанды жастары атынан іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі Мирас Құттыбай сөз алды.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/47ildQGdMITUl50YPf053yhJT7T0RM.jpg)

Астан соң Алаш арыстарына және елдің тәуелсіздігі жолында құрбан болған барша қазақ батырларына Құран бағышталып оқылды.

![Қарағандыда «Алашым-Ардағым» атты танымдық кеш өтті](https://storage.yvision.kz/images/user/otanshylzhas/Wjvycfk58Sjxo7XK2fmay7m88tfx0N.jpg)

Ұлт болып ұйысып алдымызға қойған мақсаттарға жетуде қастерлі тәуелсіздіктің құны жолындағы құрбандарын ұмытпай, оларды үлгі ету арқылы күш-қайратқа және рухани бірлікке ие бола аламыз. Алаш ардақтыларының аманатын ұлықтау мақсатында жастар жұмылып, түрлі маңызды іс-шараларды ұйымдастыруды жалғастырамыз.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-alashym-arda-ym-atty-tanymdy-kesh-tti-212820](https://yvision.kz/kk/post/ara-andyda-alashym-arda-ym-atty-tanymdy-kesh-tti-212820)