---
title: "Қарағанды жігіттері нағыз қазақтың қандай болатындығын көрсетті"
description: "Тамыры тереңге жайылған тарихы мен әлемдегі ең бай тілі бар қазақтай қайсар елдің ұрпағымыз. Сан ға..."
author: "lg_with_aman"
published: "2016-10-20T00:25:49+00:00"
modified: "2016-10-20T00:27:14+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-zhigitteri-na-yz-aza-ty-anday-bolatyndy-yn-k-rsetti-719821"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-zhigitteri-na-yz-aza-ty-anday-bolatyndy-yn-k-rsetti-719821/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды жігіттері нағыз қазақтың қандай болатындығын көрсетті

> Тамыры тереңге жайылған тарихы мен әлемдегі ең бай тілі бар қазақтай қайсар елдің ұрпағымыз. Сан ға...

![Қарағанды жігіттері нағыз қазақтың қандай болатындығын көрсетті](http://storage.yvision.kz/images/user/lg_with_aman/9PMxWtOCOc7r7N010TR6PYn91392Da.png)

Тамыры тереңге жайылған тарихы мен әлемдегі ең бай тілі бар қазақтай қайсар елдің ұрпағымыз. Сан ғасырлар бойы жермізді сыртқы жаулардан қорғап, қазіргі таңда жер көлемі бойынша әлемде 9 орынды иеленіп отырмыз. Әлемде шамамен 3-4 мың этнос бар, ал ұлт дәрежесіне жеткен этнос саны бар болғаны – 194. Сол ұлттардың қатарында біз де бармыз. Міне, сол үшін мен қазақ болғаным үшін мақтанамын.

Алайда 18 қазан күні Қарағанды қаласында орын алған оқиғадан кейін мен өмірімде алғаш рет қазақ болғаным үшін ұялдым. Менің сүйіп тыңдайтын Ninety One тобының концертіне келген жүздеген EagelZ бен 6-7 жігіттен құралған қарсылық білдірушілер Қарағанды циркінің алдында жиналыпты. Тоқсан бірдің қырандары плакаттарын көтеріп, топты қолдайтындығын әнмен жеткізіп, бір ауыздан топ репертуарындағы әндерді орындады. Ал әлгі псевдопатриоттар оларға күле қарап, қар лақытырып, ортаңғы саусақтарын көрсетіп, өрімдей жас қыздарды балағаттап тұрды. Бәріміз Адам ата мен Хауа ананың ұрпағымыз, яғни бірімізге аға, бірімізге іні, қарындаспыз. Бір сөзбен айтқанда бәріміз туыспыз. Сонда әлгі бейнежазбадағы жігіттердің өз қарындастарына ортаңғы саусақтарын көрсетіп, қорлап тұрғанын көргенде, шыны керек кірерге тесік таппадым.

Менің түсінгенім, келер ұрпақ осындай жігіттерден үлгі-өнеге, тәрбие алуы қажет пе? Мен бұл оқиғаны сол жігіттердің еркектігіне, ең алдымен қазақтығына сын деп есептеймін. Мен үшін олар қазақ деген ұлы атқа лайық емес, мақсатсыз, пасық адамдар.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-zhigitteri-na-yz-aza-ty-anday-bolatyndy-yn-k-rsetti-719821](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-zhigitteri-na-yz-aza-ty-anday-bolatyndy-yn-k-rsetti-719821)