---
title: "Қарағанды учаскелік полицейлері отандық жаңа көліктерге мінді."
description: "Қарағанды облысы полицейлерінің паркі 153 автокөлікпен толықты.Полицейлерге жаңа қызметтік көліктер..."
author: "mvdgovkz"
published: "2014-07-17T23:36:22+00:00"
modified: "2014-07-17T23:36:22+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-uchaskelik-policeyleri-otandy-zha-a-k-likterge-mindi-421783"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-uchaskelik-policeyleri-otandy-zha-a-k-likterge-mindi-421783/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды учаскелік полицейлері отандық жаңа көліктерге мінді.

> Қарағанды облысы полицейлерінің паркі 153 автокөлікпен толықты.Полицейлерге жаңа қызметтік көліктер...

![Қарағанды учаскелік полицейлері отандық жаңа көліктерге мінді.](https://storage.yvision.kz/images/user/mvdgovkz/7O9cFjw0oqpUaVNwZz5GjuRxqH221t.jpg)

Қарағанды облысы полицейлерінің паркі 153 автокөлікпен толықты.Полицейлерге жаңа қызметтік көліктер кілтін облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков табыстады. Шарада өңір басшысы құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасы нығайып келе жатқанын атап өтті. Биылғы жылы облыстың ішкі істер органдарын жарақтауға 11 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінді. Полиция өкілдеріне берілген отандық автокөліктердің 120-сы «Нива» маркалы болса, 32-сі - «Шкода». Бұдан басқа, «Тойота Хайс» маркалы көлік базасында құрылған «Автоураган» аппараттық-бағдарламалық кешені сатып алынды. Ол жол-патрульдік полициясына арналған.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-uchaskelik-policeyleri-otandy-zha-a-k-likterge-mindi-421783](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-uchaskelik-policeyleri-otandy-zha-a-k-likterge-mindi-421783)