---
title: "Қарағанды тұрғыны киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды"
description: "Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасау бойынша күдікті Қар"
author: "orazali"
published: "2024-02-22T04:12:43+00:00"
modified: "2024-02-22T04:12:43+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-t-r-yny-kiber-ylmys-a-atysy-bar-degen-k-dikpen-staldy-1001435"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-t-r-yny-kiber-ylmys-a-atysy-bar-degen-k-dikpen-staldy-1001435/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды тұрғыны киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды

> Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасау бойынша күдікті Қар

*Ұлттық қауіпсіздік комитеті 30 қаңтарда прокуратура органдарының үйлестіруімен мемлекеттік электрондық қызмет көрсету саласында киберқылмыс жасау бойынша күдікті Қарағанды тұрғынын ұстады.*

![Қарағанды тұрғыны киберқылмысқа қатысы бар деген күдікпен ұсталды](https://storage.yvision.kz/images/user/577776/5459678fac97ba3ddb409a0b0b282f.jpg)

ҰҚК баспасөз қызметінің хабарлауынша, тінту кезінде 24 ұялы телефон, 4 жүйелі блок, 4 флеш-карта, 9 ноутбук, планшет алынған.

Алдын ала бағалауға сәйкес, келтірілген залалдың көлемі - 49 млн теңгеден артық.

Қылмыстық кодекстің 207-бабы 3-бөлігі 2-тармағымен қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-t-r-yny-kiber-ylmys-a-atysy-bar-degen-k-dikpen-staldy-1001435](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-t-r-yny-kiber-ylmys-a-atysy-bar-degen-k-dikpen-staldy-1001435)