---
title: "Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тілсіз жаудан жеті адамның өмірін құтқарып қалды."
description: "Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-..."
author: "krgdvd"
published: "2014-10-02T22:59:53+00:00"
modified: "2014-10-02T22:59:53+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysyny-ishki-ister-departamentine-arasty-temirtau-alaly-ishki-ister-bas-armasyny-zhol-pat-432257"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysyny-ishki-ister-departamentine-arasty-temirtau-alaly-ishki-ister-bas-armasyny-zhol-pat-432257/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тілсіз жаудан жеті адамның өмірін құтқарып қалды.

> Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-...

Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тілсіз жаудан жеті адамның өмірін құтқарып қалды.

Қыркүйек айының соңғы күндері Теміртау қаласының түнгі патрульдік қызметке шыққан №471 экипаж құрамы сержант Сенбековжәне Аманжолов, полиция старшинасы Абдрахманов қала көшесінде орналасқан жер үйлердің бірінің өрт құшағына оранғанын байқайды. Үй ішіндегі адамдардың өмірін тілсіз жаудан құтқарып қалу мақсатында дереу іске кіріскен полицейлер өртеніп жатқан үйге қарай жүгіреді. Үйді айналып қарап шығып, сыртқы терезені сындырып ішке кірген сақшылар ұйықтап жатқан үй иелерін оятпақ болған. Бірақ та, түтін исінен естерін жия алмаған үй тұрғындарын полицейлер сыртқа сүйреп шығарады. Дәл осы сәтте өрт демде күшейіп үйді толығымен жалмап бара жатыр еді. Күшейген өрт осы кезде көрші үйге де жетіп қауіп төңдіре бастаған. Көрші үйден полицейлер кәмелетке толмаған 7 және 11 жастағы балалармен үй иесін және зейнет жасындағы әйелді алып шығады. Полиция қызметкерлері бұнымен қоса газ баллонын да алып шығады. Өрттен шошынған тұрғындар тілсіз жауды тұңшықтыру үшін полицейлермен бірігіп сөңдіруге кіріседі.

- Мен полиция қызметкерлерінің адалдығына дән ризамын, олар менің өмірімді және балаларымның өмірін тәуекел етіп құтқарып қалды,- дейді Светлана Афанасьева. Өрттің зардабынан үйдің шатыры, терезесі, есіктері түгел жанып кеткен екен. Адамдарды құтқару кезінде полиция қызметкерлері үйдің ішінде қалып қойған итті де алып шыққан екен.

Қарағанды облысының ішкі істер департаментіне қарасты Теміртау қалалық ішкі істер басқармасының жол-патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тілсіз жаудан жеті адамның өмірін құтқарып қалды. Қыркүйек айының соңғы күндері Теміртау қаласының түнгі патрульдік қызметке шыққан №471 экипаж құрамы сержант Сенбековжәне Аманжолов, полиция старшинасы Абдрахманов қала көшесінде орналасқан жер үйлердің бірінің өрт құшағына оранғанын байқайды. Үй ішіндегі адамдардың өмірін тілсіз жаудан құтқарып қалу мақсатында дереу іске кіріскен полицейлер өртеніп жатқан үйге қарай жүгіреді. Үйді айналып қарап шығып, сыртқы терезені сындырып ішке кірген сақшылар ұйықтап жатқан үй иелерін оятпақ болған. Бірақ та, түтін исінен естерін жия алмаған үй тұрғындарын полицейлер сыртқа сүйреп шығарады. Дәл осы сәтте өрт демде күшейіп үйді толығымен жалмап бара жатыр еді. Күшейген өрт осы кезде көрші үйге де жетіп қауіп төңдіре бастаған. Көрші үйден полицейлер кәмелетке толмаған 7 және 11 жастағы балалармен үй иесін және зейнет жасындағы әйелді алып шығады. Полиция қызметкерлері бұнымен қоса газ баллонын да алып шығады. Өрттен шошынған тұрғындар тілсіз жауды тұңшықтыру үшін полицейлермен бірігіп сөңдіруге кіріседі.

- Мен полиция қызметкерлерінің адалдығына дән ризамын, олар менің өмірімді және балаларымның өмірін тәуекел етіп құтқарып қалды,- дейді Светлана Афанасьева. Өрттің зардабынан үйдің шатыры, терезесі, есіктері түгел жанып кеткен екен. Адамдарды құтқару кезінде полиция қызметкерлері үйдің ішінде қалып қойған итті де алып шыққан екен.

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysyny-ishki-ister-departamentine-arasty-temirtau-alaly-ishki-ister-bas-armasyny-zhol-pat-432257](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysyny-ishki-ister-departamentine-arasty-temirtau-alaly-ishki-ister-bas-armasyny-zhol-pat-432257)