---
title: "Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен..."
description: "Су тасқыны салдарынан Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғыны жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланды. Фото: t.me/satzhangram Ауа райының нашарлауына және қардың қарқынды еруіне байланысты биыл 30 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-03-31T10:41:38+00:00"
modified: "2024-03-31T10:41:38+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-su-tas-ynynan-zardap-shekken-adamdar-poyyzben-evakuaciyalandy-1002863"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-su-tas-ynynan-zardap-shekken-adamdar-poyyzben-evakuaciyalandy-1002863/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды облысында су тасқынынан зардап шеккен...

> Су тасқыны салдарынан Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғыны жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланды. Фото: t.me/satzhangram Ауа райының нашарлауына және қардың қарқынды еруіне байланысты биыл 30 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды...

*Су тасқыны салдарынан Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғыны жолаушылар пойыздарымен эвакуацияланды.*

![undefined](https://storage.yvision.kz/images/user/577778/aada5bd29e2ef958f03f867538ab03.jpg)

Фото: t.me/satzhangram

Ауа райының нашарлауына және қардың қарқынды еруіне байланысты биыл 30 наурызда «Жолаушылар тасымалы» АҚ Қарағанды облысының 250-ге жуық тұрғынын эвакуациялауды ұйымдастырды. Кеше республикалық маңызы бар «Екатеринбург-Алматы» тас жолына шектеулер енгізілген болатын. Тұрғындарды тасымалдауды қамтамасыз ету үшін «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №8801/8802 жолаушылар пойызы бір рейске бекітілді. Сондай-ақ, «Қарағанды-Балқаш-2» бағытындағы №605/606 жолаушылар пойыздарына екі бағытта бір рейске қосымша вагондар қатынайды. Қарағанды облысының тұрғындарын эвакуациялау 31 наурыз күнінің соңына дейін жалғасады. Анықтамалық ақпаратты «1433» тегін нөмірі арқылы алуға болады.

**«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі**

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-su-tas-ynynan-zardap-shekken-adamdar-poyyzben-evakuaciyalandy-1002863](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-su-tas-ynynan-zardap-shekken-adamdar-poyyzben-evakuaciyalandy-1002863)