---
title: "Қарағанды облысында спорттың 75 түрі таратылады"
description: "ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратыл..."
author: "kazsportagent"
published: "2013-08-19T00:00:25+00:00"
modified: "2013-08-19T00:00:25+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-sportty-75-t-ri-taratylady-369436"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-sportty-75-t-ri-taratylady-369436/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды облысында спорттың 75 түрі таратылады

> ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратыл...

[!\[Қарағанды облысында спорттың 75 түрі таратылады\](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/201308181337091-300x183.jpg)](http://kk.sport.gov.kz/wp-content/uploads/2013/08/201308181337091.jpg)

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат — Қарағанды облысында Қазақстанда тіркелген спорттың 110 түрінің 75-і таратылады.

«Дәстүр бойынша тамыздың үшінші жексенбісінде біз үлкен спорт мерекесі — Спорт күнін атап өтеміз. Биыл ол мерейтойлы — оныншы», — деп атап өтті өңір басшысы Бауыржан Әбдішев Спорт күніне арналған шара барысында сөйлеген сөзінде.

«Қазіргі уақытта Қарағанды облысында 2 мыңнан астам спорттық нысан бар, оның 1 мыңы — ауылда. Бізде 28 мың тәрбиеленушіні қамтып отырған балалар-жасөспірімдер спорттық мектептерін қоса алғанда, 50-ге жуық спорттық ұйым бар. Қазақстан Республикасында тіркелген спортың 110 түрінің 75-і таратылады», — деді Б.Әбдішев.

Онымен бірге, облыста 82 аулалық және 81 дене шынықтыру-сауықтыру клубтары бар. «Білім беру мекемелерінде 60 мың оқушыны қамтып отырған 2 мыңнан астам спорттық секциялар мен жалпы дене шынықтыру даярлығы топтары құрылған», — деп қосып өтті аймақ басшысы.

Б.Әбдішев сондай-ақ спортшыларды қол жеткізген жетістіктерімен құттықтады.

«Биылғы маусым спорттың көптеген түрлерінде жемісті болды. Шағын футболда — «Тұлпар», хоккейде — «Сарыарқа», футболда «Шахтер» командалары айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізді», — деді ол

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-sportty-75-t-ri-taratylady-369436](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-sportty-75-t-ri-taratylady-369436)