---
title: "Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімді өндіру көлемі 3,1%-ға өсті"
description: "Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, деп ..."
author: "Anuarbek_Ainash"
published: "2016-09-19T01:32:00+00:00"
modified: "2016-09-30T04:30:42+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-nerk-sip-k-siporyndaryny-nimdi-ndiru-k-lemi-3-1-a-sti-713582"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-nerk-sip-k-siporyndaryny-nimdi-ndiru-k-lemi-3-1-a-sti-713582/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімді өндіру көлемі 3,1%-ға өсті

> Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, деп ...

Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, деп хабарлады Қарағанды облысының статистика департаменті.

![Қарағанды облысында өнеркәсіп кәсіпорындарының өнімді өндіру көлемі 3,1%-ға өсті](https://storage.yvision.kz/images/user/anuarbek_ainash/6u23ohR11ubwJ0wVx52uIP3CNop3YV.jpg)

Ағымды жылғы қаңтар-тамызда облыстың өнеркәсіп кәсіпорындары 1185,4 млрд. теңгеге өнім өндірді, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңнен 3,1%-ға артық. Облыстың өнеркәсіп өндірісі көлемінің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі – 79,5%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау – 9,6%, кен өндіру және карьерлерді қазу – 9,5%-ды, сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау 1,4%-ды құрайды.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің (қызмет) шығару көлемі 2016 жылғы қаңтар-тамызда 106,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңнен 1,4%-ға көп. Жоғарылау мал шаруашылығы өнімін өндірудің 2,6%-ға, оның ішінде сиыр сүтін өндірудің 3,3%-ға өсуіне байланысты.

Ағымдағы жылдың басынан бастап бөлшек сауда айналымы 425,1 млрд. теңгені құрап, өткен жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,7%-ға кеміді (тұрақты бағаларда).Бөлшек сауданың негізгі көлемін жеке сауда қызметін жүзеге асыратын және базарларда сауда-саттықпен айналысатын жеке тұлғалар қамтыды. Олардың тауар айналымы 285,2 млрд. теңгені құрады немесе өткізудің жалпы көлемінен 67,1%.

Жүк тасымалдау көлемі 481,9 млн. тоннаны құрады, бұл 2015 жылғы қаңтар-тамызға қарағанда 0,1%-ға көп. Көліктің барлық түрлерімен, жеке тасымалдауды қоса алғанда, жолаушыларды тасымалдау 0,2%-ға өсіп, 1560,2 млн.адамды құрады.

Ақпарат көзі: [strategy2050.kz](https://strategy2050.kz/)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-nerk-sip-k-siporyndaryny-nimdi-ndiru-k-lemi-3-1-a-sti-713582](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-nerk-sip-k-siporyndaryny-nimdi-ndiru-k-lemi-3-1-a-sti-713582)