---
title: "Қарағанды облысында ер адам әйелге әдейі ВИЧ жұқтырып,..."
description: "Шахтинск (Қарағанды облысы) қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) (ВИЧ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Онда мына жайттар анықталды: 2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған..."
author: "seri.jigit"
published: "2024-06-12T10:56:19+00:00"
modified: "2024-06-12T10:56:54+00:00"
locale: "kk"
canonical_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-er-adam-yelge-deyi-vich-zh-tyryp-ony-limine-sebep-bol-an-1005582"
markdown_url: "https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-er-adam-yelge-deyi-vich-zh-tyryp-ony-limine-sebep-bol-an-1005582/markdown"
site_name: "Yvision.kz"
---

# Қарағанды облысында ер адам әйелге әдейі ВИЧ жұқтырып,...

> Шахтинск (Қарағанды облысы) қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) (ВИЧ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды. Онда мына жайттар анықталды: 2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған...

*Шахтинск (Қарағанды облысы) қалалық сотында адамның иммун тапшылығы вирусын (АИТВ) (ВИЧ) жұқтырғаны (ҚК 118-бабы 2-бөлігі) бойынша айыпталған азаматқа қатысты қылмыстық іс қаралды.* Онда мына жайттар анықталды:

2015 жылы ер адамға АИТВ жұқтырған деген диагноз қойылған. Емдеуден жалтарып, басқаларды жұқтырғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылатыны, сондай-ақ сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы оған ескертілген.

Ол 2016-2023 жылдар аралығында ауруын ескертпестен бір әйелмен бірге тұрған. Нәтижесінде ол жәбірленушіге АИТВ инфекциясын жұқтырған, соның салдарынан әйел адам қайтыс болған.

Сотталушының кінәсі сот-медициналық сараптамасының қорытындысымен расталды, оған сәйкес жәбірленушінің өліміне екіншілік аурулардың дамуымен АИТВ-инфекциясы және басқа да іс материалдары себеп болған.

Сотталушы өз кінәсін мойындамады.

Ал Қылмыстық кодекстің 118-бабының 2-бөлігі бойынша мұндай қылмыс үшін 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Іс бойынша қылмыстық жауаптылықты немесе жазаны жеңілдететін мән-жайлар анықталған жоқ.

Қылмыстың ауыр зардаптарға әкеп соқтырғаны, яғни жәбірленушінің өлімі ауырлатылған мән-жайлар деп танылады.

Сот айыпталушыны Қылмыстық кодекстің жоғарыда айтылған 118-бабы 2-бөлігімен кінәлі деп танып, 4 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ ол мәжбүрлеп емдеуге жіберілетін болды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ. [https://t.me/krgsoty](https://t.me/krgsoty)

---

Source: [https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-er-adam-yelge-deyi-vich-zh-tyryp-ony-limine-sebep-bol-an-1005582](https://yvision.kz/kk/post/ara-andy-oblysynda-er-adam-yelge-deyi-vich-zh-tyryp-ony-limine-sebep-bol-an-1005582)